Атырау, 25 сәуір 20:10
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"БЖЗҚ-дағы қаржы жымқыру" ісі сотқа жіберілді

1 785 просмотра

Руслан Ерденаев БЖЗҚ-ның төрағасы кезінде

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаржы жымқыруға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қордың бұрынғы басшылары - бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаев, төрағасының орынбасары Дабыр Медетбеков, қордың қауіп-қатерді басқару департаментінің бұрығны басшысы Мұса Бахтов пен жекеменшік екі өндіруші компанияның басшылары осы жылдың басында ұсталған.

Алматы қаласының прокуратурасы тергеу қорытындысы бойынша 18 қазанда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Ерденаев, Бахтов пен басқа да күдіктілерге қатысты қылмыстық ісі жіберілгенін хабарлады.

Прокуратура ақпаратына қарағанда, Руслан Ерденаев пара алды деп айыпталып отыр, "БузгулАурум" компаниясының құрылтайшысы Азат Найзағарин "пара беруге болысты" деп айыпталған. "МегаТрансАзия" компаниясы директорының орынбасары Талғас Тұртаев "пара алу, беруде делдалдық жасады" деп айыпталып отыр.

Тергеу тұжырымы бойынша, БЖЗҚ-нің лауазымды тұлғалары компания басшысынан БЖЗҚ-ның "БузгулАурум" компнаиясының облигацияларын алу туралы келісім жасасқаны үшін аса ірі көлемде пара алған.

Тергеу материалдарына қарағанда, қауіп-қатерді басқару департаменті бұған дейін "қауіп-қатер барын" айтып, "БузгулАурум" облигацияларына инвестиция салмауға кеңес берген.

БЖЗҚ-да жұмыс істейтін, зейнет жасына толмаған қазақстандықтардың міндетіт зейнетақы жарнасы жиналады. Қор активтерін инвестициялау операцияларын тексеру 2016 жылы 21 желтоқсанда басталған.

Дереккөз: Азаттық

20 қазан 2017, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.