Атырау, 18 сәуір 15:26
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Елде заңсыз жүрген өзбек жарты жылға сотталды

2 114 просмотра


Атырау облысында көші-қон заңын өрескел бұзғаны үшін 21 жастағы Өзбекстан азаматына Исатай аудандық соты 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына үкім шығарды.

Мамыр айында келген оның Исатай ауданында көтерме жұмыстармен айналысқаны анықталды. Кейін ол 5 тәулік ішінде елден шығуға тиіс болды. Бірақ, ол еліне кете қоймады, нәтижесінде  оған 106 мың теңге айыппұл салынып, мәжбүрлі түрде пойызға отырғызылды. Алайда ол стансалардың бірінен түсіп қалып, кері қайтып келеді. Ақырында аудандық сот оны 6 айға қамау жөнінде шешім шығарды.

-Жыл басынан бері көші-қон заңдылығын өрескел бұзған 947 адам елден шығарылды. Оның ішінде 916-сы ТМД, 31-і алыс шетелден келген, - дейді облыстық ІІД баспасөз тобының жетекшісі Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Ел бюджетіне 33 миллионнан аса айыппұл төленді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қазан 2017, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.