Атырау, 20 сәуір 15:57
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Майлин көшесіндегі кісі өлімі

2 996 просмотра


19 қазан күні "102" хабарламасына Атырау қаласындағы Б. Майлин көшесі бұрынғы сүт комбинатының маңында белгісіз адамның мүрдесі жатқандығы жөнінде хабарлама түсті.

- Тексеру барысында  марқұмның сол жақ иығынан үшкір затпен жарақаттанғандығы анықталды. Мүрденің жеке басы кейін белгілі болды, ол 1956 жылғы қала тұрғыны болып шықты. Жедел іздестірудің нәтижесінде күдікті "Нұрсая" ықшамуданынан ұсталды. Оның иелігіндегі "КИА" автомашинасынан асхана пышағы табылды. 1988 жылғы күдікті бірден уақытша тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады  облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша өзара орын алған жанжалдың арты  кісі өлімімен аяқталған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қазан 2017, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.