Атырау, 28 наурыз 18:22
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Испания үкіметі Каталония мәртебесін тоқтату жайын қарамақ

1 972 просмотра

Испания премьер-министрі Мариано Рахой

Испания үкіметі Каталонияның автономия мәртебесін тоқтату мәселесін қарау үшін 21 қазанға үкіметтің шұғыл жиынын шақырды. Бұған дейін Каталония басшысы аймақ тәуелсіздігін жариялайтынын мәлімдеген.

Испания премьер-министрі Мариано Рахой кеңсесі 19 қазанда Каталония аймағы өзіне алған заңды міндеттемесін орындамаса онда үкімет Испания конституциясының 155-бабына сүйеніп аймақтың автономия мәртебесін тоқтатып, Мадридтің аймаққа тіке басқару жүйесін орнатынын мәлімдеді.

Үкімет бұл үшін Каталонияда жасайтын шараларын жариялап, оны сенаттың дауыс беруіне ұсынуы керек.

Каталония басшысы Карлес Пучдемон егер Мадрид "қысымын жалғастыра берсе" аймақ парламенті Испаниядан бөлініп шығуды дауысқа салатынын ескертті. Бұған дейін Испания үкіметі Пучдемонға 19 қазанға дейін тәуелсіздік мәселесі бойынша шешім қабылдауға мұрсат берген.

1 қазанда өткен референдумда Каталония сайлаушылары Испаниядан бөлінуді қолдап дауыс берген соң Пучдемон аймақ Испаниядан бөліну құқығына ие болғанын мәлімдеп, тәуелсіздік декларациясын қабылдаған. Бірақ ол декларацияны жарияламай, әуелі Мадридпен келіссөз өткізуге шақырған.

Референдумға Каталония сайлаушыларының 43 пайызға жуығы қатысты. Аймақ билігі дауыс бергендердің 90 пайызы тәуелсіздікті қолдағанын айтып, нәтижесін заңды деп жариялады. Мадридтегі орталық билік референдумды заңсыз деп тапты.

Дереккөз: Азаттық

19 қазан 2017, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.