Атырау, 25 сәуір 03:50
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Қазақ-қырғыз үкімет тартысы көпке қиын тиді", "Қош бол, бензин! Қазақша "понттың" дәурені өтті. Есін жиғандар газға ауысып жатыр", "Қытай ақпараты: «Қазақстан – қатерлі көрші»", "Собчак Президент болмақ. Солтүстіктегі сайлау додасына шолу"

2 155 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақ-қырғыз үкімет тартысы көпке қиын тиді" - Атамбаевтың қазақ билігін сынауынан басталып, Қазақстанның Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды күшейтуіне ұласқан даудан зиян шеккен қарапайым азаматтар Азаттық тілшілеріне қаржылай зияндарының нақты сомаларына дейін айтып, «қатысымыз қанша?» деген наразылықтарын білдіріп жатыр. Ал сарапшылар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы осы аптадағы қарым-қатынасты түрліше бағалайды

"Балабақша ақысына наразылық «көтеріліс» айыбына ұласты" - Түркіменстанның Дашогуз облысында наразылық акциясынан кейін білім басқармасы қызметкерін «билікке қарсы көтеріліске шақырды» деп айыптап жатыр. Шенеунік қазанның 10-ы күні балабақша ақысын қымбаттатуға қарсы стихиялы шеруден кейін тұтқындалған.

ABAI.KZ. "Балташ Тұрсымбаев: Өтемұратов өте қатты есіріп барады. Тыю керек!" - Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, танымал саясаткер Балташ  Тұрсымбаев  пен ақын, Abai.kz ақпараттық порталының тұрақты авторларының бірі Жұмаш Кенебай өзара шағын мәслихат құрып, Қырғызстанда өткен президенттік сайлау қарсаңындағы саяси науқан туралы пікір бөлісіпті. Екеуара сұхбат барысында Балташ Тұрсымбаев қырғыз сайлауына қазақстандық олигарх Болат Өтемұратов араласты деп өз пікірін ашық айтты.

"Собчак Президент болмақ. Солтүстіктегі сайлау додасына шолу" - Бүгінгі сөз тағы да сайлау туралы болмақ. Бұл жолы 2018 жылы Ресейде өтетін Президент сайлауы жайлы айтамыз. У-шуы көп солтүстіктегі көрші елдің жастары Путин билігімен Навальный арқылы күресіп жатқаны белгілі. Мыңдаған дауыс митингте естілді...

365INFO.KZ. "«Пісміллә» дегеніне сеніп едім…». Жат ағымда болған ақтөбелік бар шындықты айтты" - Ақтөбе облысында жат ағымның жетегінде жүргендер дәстүрлі дінге қайтадан бет бұрып жатыр. Соның бірі — Дархан есімді жігіт өз басынан өткенін баяндап берді.

TENGRINEWS.KZ. "Араб, латын және кирилл қаріптеріне қалай өттік? Қазақ әліпбиінің тарихы" - Қазақ тілі латын әліпбиіне көше ме, жоқ па? Біраз уақыт бұрын ғана бұл мәселе БАҚ беттерінде көтеріліп, қоғамда қызу талқыға түсіп, табан асты көтеріліп, сол бойда ұмытылып отырды. 

INFORMBURO.KZ. "Астана оффшор емес, мидшор болады. Nasdaq "Астана" ХҚО акционері болуға келісімін берді" - 16 қазанда Америкалық қаржы технологиялары қор биржасы Nasdaq "Астана" ХҚО-на сауда платформасы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы құжатқа қол қойды.

"Қош бол, бензин! Қазақша "понттың" дәурені өтті. Есін жиғандар газға ауысып жатыр" - Бензин тапшы, баға қымбат. Қазіргі ел аузындағы төрт сөз. Қымбатшылық миллиондаған теңгенің көлігін мінгендерге де ауыр тиіп жатыр.

DALANEWS.KZ. "Қытай ақпараты: «Қазақстан – қатерлі көрші»" - Шынтуайында, Қытай Қазақстан туралы не ойлайды? Түркиямен тізе қосқанымызды неге қаламайды? Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен қандай қауіп күтеді? Қазақстандағы қазіргі саяси жүйенің сақталғаны Қытай үшін неге маңызды? 
Қытайлықтар ең көп қолданатын WeChat  әлеуметтік желісінде мақаланы ықшамдап, ең «өткір» тұстарын аударып бастық. Мақала аталмыш желідегі «Тянь Тай Шань» тобында жарияланыпты. Авторы көрсетілмеген. Жоғарыдағы сауалдарға жауап іздепті. Не дегісі келді, не ойлайды, нені аңсайды?.. Қытай билігі әдетте мұндай жазбаларға қырағы қарап, «қырпып» отыратын еді, бұл мақаланың кеңінен талқылануына неге көзжұма қарап отыр? Бірге талқылайық.

QAZAQUNI.KZ"Қытайда еліне оралғысы келген қандастарымыз жаппай сотталуда" - Қазанның 17-күні Алматыда «Қытайдағы қандастарымыздың қыйсынсыз тергеуге алынып, жаппай сотталуда»  деген тақырыпта баспа сөз маслихты өткен еді . Баспа сөзге Расул Жұмəлі, Марат Тоқашбай сяқты ұлт жанашырлары мен Қытайда себепсіз сотталған қандастарымыздың жақын туыстары қатысты. Басты себеп: қандастарымыздың Қазақстанға келгеісі келгені үшін немесе Қазақстандағы туған-туыстарымен қабарласқаны үшін жаппай тергеуге алынып, алды сотталып жатқаны айтылды.


19 қазан 2017, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.