Атырау, 19 сәуір 21:24
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жұмысшының темір қоршауға қалай құлағаны туралы жаңа деректер белгілі болды

2 065 просмотра

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Оралда жұмысшысы темір қоршауға ішімен құлаған құрылыс бригадасының басшысы тергеліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне бригада басшысының өзі айтып берді. 

Қала кафелерінің бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізген жеке компанияның бригада басшысы жұмысшының темір қоршауға ішпен құлауына қатысты мән-жайды айтып берді.  "Техникалық қауіпсіздік ережелері сақталды, бірақ, ТЖ болды. Жұмысшы бір орыннан екінші орынға ауысып жатып, шалынып құлады. Ол кезде мен шатырда емес едім. Бәріміз уайымдап отырмыз. Көп қан жоғалтты. Қазір мені тергеп жатыр, құрылыста жоқпын", - дейді бригада басшысы. 

Облыс орталығының Еңбек инспекциясы басқармасына болған оқиға жайында хабарланды. "48 жастағы Хайран Балмулдин тоғыз метр биіктіктен құлады. Ауыр жарақат алды. Бұл оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құры қарастырылып жатыр", - дейді БҚО Еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Арман Түйгінбаев.  

Зардап шеккен жұмысшының туыстары қандайда бір пікір айтудан бас тартты. 

Еске салайық, 17 қазанда 12:40-та Орал қаласының "Астана" ықшамауданында құрылыс монтаждау жұмыстарын атқарып жатқан ер адам екінші қабаттың шатырынан темір қоршауға құлаған. Сол күні оған қалалық ауруханада ота жасалды.

Дереккөз: Tengrinews.kz



19 қазан 2017, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.