Атырау, 29 наурыз 17:27
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бішкек: Қазақстанмен шекарадағы жағдай оңала бастады

1 471 просмотра


19 қазанда қырғыз-қазақ шекарасындағы ахуал жақсара бастады . Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясына Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі хабарлады. Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Салқынай Абдыкариеваның сөзінше, тексеру және бекеттерінде азаматтарды өткізу процесі жылдамдатылған.

- Бүгін таңертең "Ақ-Жол автожолы" бекетінде Қазақстанға өту үшін 100 шақты азамат кезекте тұрған. Ал "Ақ-Тілек" және "Чоң-Капка" бекеттерінде жүк көліктерінің іркілісі байқалады. Бірақ алдыңғы күндермен салыстырғанда жылдамырақ өткізіп жатыр. Күннің ортасына қарай жағдай бұдан да жақсара түседі деп үміттенеміз, - Абдыкариева.

Ал "Ақ-Жол - автожолы" бекетінде жүрген Азаттық тілшісі бекетте ендігі кезек жоғын айтады.

Қырғызстандағы сайлау алдында және одан кейін елдің президенті Алмазбек Атамбаев қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, бірнеше мәлімдеме жасаған. Мұндай наразылыққа Назарбаевтың Қырғызстандағы сайлау алдында президентікке кандидаттардың бірімен кездескені себеп болған. Бұдан соң Астана қазақ-қырғыз шекарасынан өту тәртібін қатайтып, қырғызстандық әскериді тұтқындап, ал Бішкек Талас су қоймасының суын жіберетінін ескерткен.

Қырғызстандық тауар тасымалдаушылары шекарадағы тәртіптің қатаңдатылуы салдарынан туындаған бөгелістен тауарлары шекарада тұрып қалып, шығын тартып жатқандарын мәлімдеген.

Шекарадағы жағдайға байланысты Қырғызстан үкіметі 17 қазанда Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразия экономикалық одағына қайырылып, Қазақстан жағының ереже бұзып отырғанын мәлімдеген.

18 қазанда Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков жұмыс сапарымен Астанаға келген. Қазақстан үкіметі Қырғызстан үкіметі делегациясымен екі жақты келіссөз қорытындысында 19 қазаннан бастап "шекарадан өтудің басым тәртібін" белгілегенін мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық

19 қазан 2017, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.