Атырау, 25 сәуір 11:54
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ұрлықты кәсіп еткендер

2 856 просмотра


Қызылқоға ауданында 7 эпизодтық іске қатысы бар Миялы ауылының 21 жастағы тұрғыны ұсталды. Аудандық ІІБ-нің бастығы Асхат АРЫСТАНОВТЫҢ айтуынша, ол мал және автокөлік бөлшектерін ұрлап сатумен айналысқан деп күдіктеліп отыр.

Биылғы жылдың сәуір айынан бері ол автокөліктің дөңгелек, магнитолла секілді жабдықтарды ұрлап, оларды базарға сатып отырған. Одан бөлек, екі қорада тұрған төрт қойды ұрлап, Мақат кентіне апарып белгісіз біреулерге сатып жіберген. Ол далада жайылып жүрген сиырды өзінің меншігіндегі «УАЗ» машинасына салып алып, Мақатқа барып саудалап тұрған жерінен ұсталған. Бүгінде оның еш жерде жұмыс жасамайтыны белгілі болды.

***

Атырауда №2, 12, 14-ші маршруттарда қалта ұрлығымен айналысқан 33 және 38 жастардағы екі жігіт ұсталды.

Бірі «зонтик» әдісімен бүркемелеу, екіншісі сол кезде ұялы телефонды суырып алып отырған. Осылайша олар 13 қылмыс жасаған және төлем карточкасынан 57 мың теңгені түсіріп алған.

***

Облыс орталығындағы «Балауса» ықшамауданы мен Ақсай ауылдық округінде үй тонаумен айналысады деп күдіктелген үш жас жігіт ұсталды.

- Олар үй иелерінің үйде жоқтығын пайдаланып, пластик терезелер арқылы үйге кіріп, зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар, аяқ киім сияқты жеңіл заттарды алып кетіп отырған. Қыркүйектен бері 9 ұрлық жасаған. Кейбір тұрғындар өз заттарын танып, алып та кетіп жатыр, - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. - Әлі де болса жәбірленушілер ұрланған заттарды қалалық ІІБ келіп ала алады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қазан 2017, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.