Атырау, 28 наурыз 16:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Дарабоз-2017» республикалық турнирі

Сурет Бейнежазба
4 782 просмотра

Жексенбі күні, 15 қазанда Махамбет ауданы, Алмалы ауылының маңында ұлттық спорт түрлерінен «Дарабоз-2017» республикалық турнирі ұйымдастырылды. Көкпар, бәйге, қазақ күресі бойынша өткізілген турнирге жалпы жүлде қоры 15 миллион теңге тігіліп, оның 10 миллион теңгесі жаппай көкпар ойынына бөлінді.

Көкпарда ең көп салым салған ойыншыға алтын қамшы сыйға тартылды. Оны 10 рет салым салған тараздық балуан Қуанышбек ҚҰРАМАЕВ жеңіп алды. Ал, 31 шақырымға жоспарланған аламан бәйгенің бірінші жүлде және 2 млн теңгені БҚО-дан келген шабандоз Берік ЕСЕНҒАЛИЕВ,  екінші жүлде және 1 млн теңгені Ақтөбе облысынан келген Жанат БЕГЕЛДІ, үшінші жүлде және 700  мың теңгені атыраулық Жандарбек ЖАНБАЛАЕВ жеңіп алды. Топ бәйге жеңімпаздары 1 млн, 500 мың, 300 мың теңгеден марапатталды. 


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет және бейнебаянды түсірген автор 

16 қазан 2017, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.