Атырау, 24 сәуір 00:42
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Парамен ұсталды

3 554 просмотра


13 қазанда ҰҚКД қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының қызметкерін пара алу кезінде ұстады.

Атырау облысының прокуроры Ернат СЫБАНҚҰЛОВТЫҢ айтуынша, 2017 жылы 28 қыркүйекте азамат Л. ҰҚКД-не мердігер компаниядан жол жөндеу жұмыстарын жасау кезінде «ҚазАвтоЖол» лауазымды тұлғасының ақша талап еткендігі туралы хабарлады (компания мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты жеңіп алған).

Облыстық прокуратура бірден құпия тергеу жұмыстарына санкция беріп, нәтижесінде бұл фактілер расталды. ҰҚКД қызметкерлері орындалған жұмыстар актісіне қол қою үшін делдал арқылы 73 300 доллар алу кезінде «ҚазАвтоЖол» Атырау филиалының басшысы азамат К-ны ұстады.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмыстық кодекстің 336-бабының 4-бабы (аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қазан 2017, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.