Атырау, 17 сәуір 05:00
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

"Назарбаев пен Атамбаев текетіресі: Путин кімнің жағында?", "Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал үкіметтердің салғыласуына ұласты", "Торғайды ешкім қорғамайтын болды", "Латын әліпбиі қабылданар сәт. Сіз қай нұсқаны таңдайсыз?"

2 538 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Торғайды ешкім қорғамайтын болды" - Торғайды ешкім қорғамайтын болды дегенде біз билікті айтып отырмыз. Әйтпесе жұрт пікірі өзгерген жоқ – «Тарт қолыңды, Торғайдан!» деп желпініп-ақ отыр. Бірақ желіде желпіну бар да, аяғыңмен барып, қолыңмен қорғау бар. Қазанның 11-күні бір топ азамат қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне барып, Тор­ғай даласынан зымыран қалдықтарын құлатуға Ресейге жалға жер беруге қарсылық хат тапсырыпты. Міне, бұл нақты әрекет.

"Бізге киноның тілі емес... қазақтың тілі керек" - Астанада тұратын актер бауырымды Алматыдағы кастингтер шақырған сайын апарып-алып кету – менің көп парыздарымның бірі. Осы жолы «Қазақфильм» бір тарихи фильмнің іріктеуіне шақырған екен, екеуміз әдеттегідей Әл-Фараби даңғылымен ағызып келеміз. Ол өзіне берілген мәтінді жаттап әлек, мен рульмен алысып әлек. Байқаймын, мәтін орысша беріліпті. 

AZATTYQ.ORG. "Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал үкіметтердің салғыласуына ұласты" - Осы апта Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункттерінде ұзын сонар кезек пайда болып, екі елдің азаматтарына шекарадан Қазақстанға өту қиындаған еді. Сочиде өткен Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына барған қырғыз премьері Сапар Исаков қазанның 11-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлескенін, Назарбаевтың Қазақстан үкіметіне шекарадағы мәселелерді шешуді тапсырғанын Facebook-те хабарлаған еді. Іле-шала оның бұл ақпаратын Қазақстан үкіметі теріске шығарды. Енді қырғыз үкіметі Назарбаевтың берген уәдесі рас деген сарындағы ресми ақпарат таратып отыр.

"Бұрынғы президенттің қызының «қоқан-лоқы тәсілдері»" - Швецияда жүріп жатқан Өзбекстандағы парақорлық ісіне қатысты тергеуде Өзбекстанның бұрынғы президенті марқұм Ислам Каримовтің үлкен қызының маңайындағыларды қалай қинағаны, қандай әдістермен ақша жинағаны айтылады.

QAZAQTIMES.COM. "Назарбаев пен Атамбаев текетіресі: Путин кімнің жағында?" - Соңғы апталарда қазақ-қырғыз қарым-қатынасы ушығып тұрғаны белгілі. Оған басты себеп Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан билігіне қарата айтқан сөздерінен бастап, Нұрсұлтан Назарбаевтың қырғыз президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесуіне дейінгі жағдайлар. Бұл тақырыпты қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері осыған дейін жазды, сызды, айтты, көрсетті. Бүгін біз де қазақ-қырғыз қарым-қатынасы жайында сөз қозғап көрмекпіз.

TURKYSTAN.KZ. "Көлік мініп, көше кезген" - Бұдан былай елордалық шенеуніктер қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалана алмайды. Өйткені мемлекеттік мекемелерге тиесілі көліктерге жапсырылған ерекше белгі арқылы қаланың кез-келген тұрғыны шенеуніктің шалыс басқанын біле қояды. Ондайлардың тәртіпке қайшы қылығын ұялы телефонға түсіріп алып,  сурет немесе видеоны көрсетілген нөмірге жолдаған қырағы елордалықтарға 500-1000 теңге көлемінде бірлік аударылмақ.  Әзірге ерекше жапсырма 30 автокөлікке жапсырылған. Яғни, 30 шенеуніктің жүріс-тұрысы ел назарында.

"Қымбат бензин һәм қазақ демографиясы бір-бірімен байланысты болғаны ма?" - Соңғы аптада редакцияға келетін хаттар легі күрт көбейді. Қай хатты ашсаң да, қаузағаны бір мәселе – еліміздегі бензин тапшылығы. «Өткен айда бензиннің қымбаттап кеткеніне наразы болып едік. Қазір сол қымбат бензиннің өзі арман болды. Ақша бар, бензин жоқ» деп жазыпты тұрақты оқырманның бірі. Жүргізуші біткеннің жыры – осы. Жанармай бекеттеріндегі ұзын-сонар кезек түнде де тарқамағанын әлеуметтік желідегі жұрт жарыса жазды. Бензин төңірегіндегі дүрбелең Үкіметті шұғыл шешім қабылдауға итермеледі. Бензин бекеттеріндегі берекесіздікті ноқталай алмаған министрліктің басшысы сөгіс алып, қосшысы қызметінен босатылды.

ABAI.KZ. "Қазақ даласын капитализм елесі кезіп жүр..." - Кезінде атақты «Капиталдың» авторы Карл Маркс деген данышпан: «Европаны бір елес кезіп жүр. Ол -  коммунизм елесі» деген екен. Әлемде социализм мен коммунизмнің негізін салушы ақсақал осы сөзді тегін айтпаса керек. Қаншама мемлекетте төңкеріс жасалса да социалистік қоғам сиырқұймышақтанып, ақырында ыдырап тынған жоқ па?! Ал, өкінішке орай адамзатқа арман болған коммунизм расында да сол елес күйінде тарих қойнауына кетті!

"Бейбіт Атамқұлов: Зымыранды құлату ауданына қатысты алаңдауға негіз жоқ" - Үстіміздегі жылдың 6 қазанында Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында Жер орбитасына ғарыштық аппараттарды жеткізетін «Союз-2» зымыран-тасығышы ұшырылған жағдайда оның аталған ауданның тиісті аумағына зиянды-зиянсыздығы кеңінен талқыланған қоғамдық тыңдау өткен болатын. Қоғамда айтарлықтай пікірталас туғызған мәселеге байланысты оның анық-қанығына көз жеткізу мақсатында біз Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.

QAMSHY.KZ. "Латын әліпбиі қабылданар сәт. Сіз қай нұсқаны таңдайсыз?" - Биыл жыл соңына дейін Латын графикасындағы мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі қабылданады. Осыған дейін Парламент пен Ақорда тарапынан екі нұсқа халық назарына ұсынылды. Дегенмен бұл нұсқаларға қарапайым жұртшылықтың көптеген сын ескертпелері айтылды. "Қамшы" ақпарат агенттігі жұрт пікірін назарға алып, осы екі нұсқаның ерекшеліктері мен кемшіліктерін ескеріп, іріктелген таңдауын оқырман назарына ұсынады.

BAQ.KZ. "Бозымбаев, «Қазмұнайгаз» және ауа райы. Сонымен дефицитке кім кінәлі?" - Бүгінгі үкімет отырысы елдегі күйіп тұрған мәселеден басталды. Неге елде бензин жоқ? Көмір неге жетіспей жатыр? Жауапты тұлғалардың есебі премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың көңілінен шықпады.

13 қазан 2017, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.