Атырау, 25 сәуір 04:02
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Түнгі қасапшылар

3 638 просмотра
Көрнекі сурет.

Қазанның 12-сі күні түнгі сағат 3-терде облыстық жол-патрульдік полициясы Атырауға кіре берерде Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты. Жеңіл автокөліктің жүк салғышының тым төмендеп, жер сызып бара жатқаны қырағы полицейлердің күдігін туғызған. Тексерген кезде жүк салғыштан құжаты жоқ үш сиырдың еті, арқан, балта, пышақ табылған.

Автокөлікте келе жатқан үш Өзбекстан азаматы кейін Атырау-Орал тас жолының 42-ші шақырымында жайылып жүрген малды көріп, үш сиырды тездетіп сойып, бөлшектеп көліктің жүк салғышына салып алады. Ұсталғандардың құжаты болмағандықтан, олардың жеке бастарын анықтау жүріп жатыр. Бірақ, қазір олардың жасы 23, 25, 30-да екендігі және Атыраудағы сауда орындарының бірінде қасапшы болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

- Көліктің мемлекетік номері Атыраудыкі, енді оның кімге тиесілі екені анықталатын болады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру жүруде, - дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Ұрланған мал Махамбет ауданы Жалғансай ауылының тұрғынына тиесілі екені анықталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 қазан 2017, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.