Атырау, 23 сәуір 14:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Павлодарда балабақша жұмысшысы 5 жасар қызды азғырды деген күдікпен қамалды

2 226 просмотра

Павлодарда балабақшадағы аула сыпырушы кішкентай қызды азғындады деген күдікпен қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Соттың мәліметінше, 40 жастағы күдікті Павлодардағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жұмыс істеген. "Сот Павлодардың 1977 жылғы тұрғынын қамауға алу туралы шешім қабылдады. Ер адам екі айға қамалды", - деп хабарлады Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі №2 соты. 

Сот отырысы жабық тәртіпте өтті. Күдікті 5 жылдан 10 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, полицияға бұл туралы балабақша тәрбиеленушілерінің бірінің ата-анасы хабарлаған. 

"Ата-аналардың полиция органдарына қалдырған өтініші бойынша Павлодардағы балабақшалардың бірінің аула сыпырушысының азғыру дерегі ретінде сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Павлодар облыстық прокуратурасының өкілдері. 

Ер адамның қызға балабақша аумағында тиіскені белгілі болды. Ал балабақша өкілдері бұл оқиғаның ойдан шығарылғанын және ер адамның жақсы қызмет еткенін айтады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


13 қазан 2017, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.