Атырау, 29 наурыз 18:23
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Түркия Идлиб қаласына әскер кіргізді

2 012 просмотра

Фото: Oxu.az

Түркия әскері Сүрияның Идлиб қаласына кірді – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі. 

Шетелдік БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ресми Анкара бұған дейін Түркияның Хатай провинциясында тұрған әскерін Сүрияның Идлиб қаласына кіргізген. Бұдан біраз уақыт бұрын Түркия әскерінің бас штабы ел әскері Идлиб қаласы маңында барлау жұмыстарын өткізгендігі жайында ақпарат таратқан. 

Ал Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Анкара Идлиб қаласы маңындағы барлық әскери операцияларын Астана келісімі бойынша жүргізіп жатқандығын айтқан. 

Естеріңізге салайық, Астанада өткен Сүрия дағдарысына байланысты келіссөздерде Иран, Түркия, Ресей елдері Сүрия аймағындағы төрт деэскалациялық аймақтың бірі Идлиб қаласы болады деп келіскен болатын. Ал Мәскеу мен Анкара Идлиб қаласының ішкі қауіпсіздігін Түркия, ал сыртқы қауіпсіздігін Ресей әскерлері қамтамасыз етеді деп уағдаласқан. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


13 қазан 2017, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.