Атырау, 19 сәуір 09:27
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Анкара: АҚШ-пен дипломатиялық жанжалды реттеуге келістік

2 336 просмотра


Түркия мен АҚШ билігінің өкілдері екі ел арасындағы дипломатиялық жанжалды шешу үшін келіссөз жүргізуге уағдаласты. Бұл туралы екі ел дипломаттарының "конструктивті" келіссөзінен соң 12 қазанда Түркия вице-премьері Бекир Боздаг (суретте) хабарлады.

Дипломатиялық жанжалға түрік билігі АҚШ-тың Стамбулдағы бас консулдығының жергілікті екі қызметкерін "тыңшылық жасады" деген күдікпен ұстауы түрткі болған. Тұтқындаудан соң АҚШ елшілігі 8 қазанда Түркия азаматтарына виза беруді тоқтатқан. Бұған қарымта ретінде АҚШ-тағы Түркия елшілігі де америкалықтарға виза беруді тоқтатқан.

11 қазанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен телефонмен сөйлесіп, елшілік қызметкерлерінің тұтқындалуына "қатты алаңдайтынын" білдірген.

Боздак Haberturk газетіне әңгіменің "өте конструктивті" болғанын және "екі тараптың да өкілдері кездесіп, бірге жұмыс істеуге келіскенін" айтты.

АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы АҚШ Сирияда соғысып жатқан күрдтерге әскери қолдау көрсете бастағаннан бері-ақ және Вашингтон Анкара 2016 жылдың жазындағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырмақ болды деп айыптаған діни қайраткер, АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүленді экстрадициялаудан бас тартқан соң шатқаяқтай бастаған.

Дереккөз: Азаттық

13 қазан 2017, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.