Атырау, 29 наурыз 15:48
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Балалар ауылы

Сурет Бейнежазба
6 818 просмотра

Атырау қаласындағы Геолог поселкесінде сонау 2001 жылы «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылған еді. Біз «Шаңырақ» балалар аулының директоры Гүлсара БОТАТАЕВАМЕН кездесіп, балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы әңгімелескен болатынбыз.

- Балалар аулында 6 үй бар, олар - өздерінің дербес шаруашылығын жүргізетін отбасы. 6 үйде тұрақты қызмет жасайтын ана тәрбиешілер бар, оларды балалар «мама» деп атайды. Ана тәрбиешілерді демалыс күні алмастыратын кезекші тәрбиешілер бар. Сонымен қатар олардың көмекшілері бар, олар тұрмыстық жұмыстармен айналысады. Балалар оларды «әпке» деп атайды. Ауылдағы отбасыларда қазіргі күні 49 бала бар. Бала саны аз мекеме – Қызылордада (45 бала), Маңғыстау облысында (46-47 бала). Үш облыста да бір-бірден балалар ауылы қалған.

- Әр отбасында қанша бала бар?

- Әр отбасында 7-8 баладан тұрады. Балаларымыздың барлығы оқумен қамтылған - жақын жердегі Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте оқиды. Колледждерде оқитын 5 студент баламыз бар, олар кәмелет жасына толмаған. Бір баламыз мектеп жасына жетпеген, қарашада 4-ке толады, сол кезде шағын орталыққа немесе жаңадан ашылғалы отырған балабақшаға беруді жоспарлап отырмыз.

Директордың айтуынша, балалар оқумен қатар түрлі спорттық секцияларға қатысады. Тәрбиеленуші Кристина ТЕЛЯТОВА - каратеден көптеген жарыстардың жеңімпазы, жақында Польшаға чемпионатқа жүргелі отыр. 49 баланың екеуі Алматы облысындағы жекеменшік спорт мектебінде, тағы бір бала Алматыдағы физика-математика мектебінде оқып жатыр. Олар каникулда келіп тұрады, қажетті заттармен қамтамасыз етіледі.

- Қазір баланы асырап, қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алып жатады. Ал алған баланың туған әке-шешесі пайда болып, баланы іздеп, отбасынан алып кеткен жағдайлар болды ма?

- Ондай жағдайлар болған жоқ. Өйткені, баланы іздеуге бөлінетін мерзімі бар. Ата-ана алдымен өз құқықтарынан шектеледі, кейін сот болады, содан кейін алты айдан соң ғана ата-аналық құқығынан айрылады. Осы мерзім ішінде олардың келіп, баласы туралы мәлімет алуға толық мүмкіндігі бар. Бір ғана жағдай болды – онда да өзі емес, біреу арқылы баласын іздеткен адам болды. Бірақ біз бала отбасында тәрбиеленіп жатыр дегесін ары қарай қызығушылық танытпады. Тек жай ғана білгісі келген болып тұрған ғой.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 қазан 2017, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.