Атырау, 16 шілде 09:58
Күндіз ашық+39, кешке +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 343.45  € 399.57  P 5.52

TASS: АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы соғыс өртін тұтатты

12 қазан 2017 15:59

Фото: bbc.com

Ресейдің TASS ақпараттық агенттігі Солтүстік Кореяның Сыртқы Істер министрінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, "АҚШ КХДР-ға қарсы соғыс өртін тұтатты" деген хабарлама таратты. Ресейлік TASS-қа сұхбат берген Ли Ён Хо Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзін негізге алған. Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі жазды.

Солтүстік Кореяның ядролық қару сынақтарын өткізуіне байланысты орнаған қиын қарым-қатынастар АҚШ Президенті мен КХДР ресми билік өкілдерінің арасында бір-біріне "сәлемдемелер" жолдаумен жалғасып, "сөз соғысына" ұласып еді. 

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының жиынында Дональд Трамп Солтүстік Кореяны толықтай жойып жіберуге ықылас білдіріп, оның басшысын "зымыран адам" деп атады. Солтүстік Кореяның Сыртқы Істер министрі Ли Ён Хо: "Дональд Трамп БҰҰ-дағы басқосуда өзінің ашулы келбетімен соғыстың өртін тұтатты" - деген пікір білдірді. Ресми өкіл сөзін ары қарай былай жалғады: "АҚШ өзін бүкіл әлемнің алдында масқаралағысы келмесе, ақылға салып, бізге тиіскенін қоюы керек. Біздің халқымыз Америка сияқты агрессор мемлекетті жазасыз қалдырмайды!". 

Кеше Дональд Трамп Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесу барысында: "Басқалардың пікірін  тыңдасам, менің Солтүстік Кореяға деген қарым-қатынасым өзгеше екенін түсінемін. Мен айналамдағылардың бәрінің ойын ескеремін, бірақ түптеп келгенде Солтүстік Кореяға қатысты МЕНҢ қарым-қатынасым  қалай болғаны маңызды емес пе?" деді. 

TASS ақпараттық агенттігі журналисінің "АҚШ пен Солтүстік Корея арасында келіссөздер болуы мүмкін бе?" деген сұрағына Ли Ён Хо: "Қазіргі АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар жариялап, үнемі қысым көрсетіп әрі соғыс қаупін төндіріп отырған кезі келіссөздер жүргізуге қолайлы сәт деп ойламаймын", - деп жауап берді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

817 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкция салды  490 рет қаралды

Тиллерсон: Солтүстік Кореяға соғыс арқылы соққы беруге сақадай саймыз   782 рет қаралды

АҚШ Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салды  820 рет қаралды

АҚШ Солтүстік Кореяға қатаң санкция салатынын ескертті  373 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6