Атырау, 18 желтоқсан 13:48
Кешке ашық-7, түнде -7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

Ресейде Қырым бейнеленген жаңа банконтты таныстырды

12 қазан 15:57


Ресей Орталық банкі номиналы екі жүз және екі мың рубль болатын жаңа банкноттарын таныстырды. Соңғы он жылда мұндай ірі көлемдегі банкноттар бірінші рет жаңаланып отыр.

Жаңа ақшада Қиыр Шығыс пен Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырым бейнеленген. Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллинаның айтуынша, бұл екі аймаққа жаңа банкноттар қазан айында түседі.Жаңа банкноттар жаппай айналымға желтоқсанда енгізіле бастайды.

Жаңа ақшаға салынатын бейнені таңдау конкурсы жазда басталған. Ресей бойынша өткен дауыс беруде жұрт жаңа купюраларға бейнені бес мың көрікті жердің арасынан таңдады. Нәтижесінде банкноттардың символы ретінде Восточный космодромы мен Русский аралындағы көпір және Қырымдағы Херсонес полисі мен Симферопольдегі суға батып бара жатқан кеме ескерткіші таңдап алынды.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

275 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Назарбаев бейнеленген жаңа теңге таныстырылды  679 рет қаралды

Су саудасы  155 рет қаралды

Ресей СІМ: Латын графикасына өту - Қазақстанның ішкі ісі  414 рет қаралды

Apple iPhone-ның жаңа үш моделін таныстырды  342 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5