Атырау, 21 қазан 08:02
Күндіз бұлыңғыр болады+13, кешке +9, возможен дождь
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.11  € 394.65  P 5.81

Артық сағаттар вакансияға қойылады

12 қазан 00:00

- Биылғы оқу жылынан бастап облыс мұғалімдеріне «мұғалімдердің тарифтік жүктемесі 18 сағаттан аспау керектігі» айтылған. Бұл талап қай заңға сүйеніп қойылып отыр?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық білім беру басқарма басшысының міндетін атқарушы Қайыржан КЕНЖЕҒАЛИЕВ жауап берді: - Атырау облыстық білім беру басқармасы мұғалімдерге тарифтік жүктеме ҚР «Білім туралы» Заңының 52-бабы 7-тармағында «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 18 сағат деп көрсетілген»: артық сағаттар мектеп әкімшілігінің шешімімен вакансияға қойылуы мүмкін. Вакансияға қойылған сағаттар мұғалімдерге жұмыс берушінің шешіміне сәйкес уақытша атқаруға бөлініп беріледі. Бұл сағаттар оқу жылы ішінде жаңадан мұғалімдер қабылданған жағдайда берілетін болғандықтан, вакансияға қойылған.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

171 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5