Атырау, 20 сәуір 12:48
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыны депутаттардың ашуын келтірді

2 515 просмотра


Парламент Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қазақ футболының бүгінгі жай-күйіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан футболы ФИФА рейтингісінде 105-ші орыннан 126-шы орынға түсіп қалуы Магеррам Магеррамовтың ашуын келтірді.

«Бұл рейтингіде бізден соң Орталық Африка Республикасы, алдымызда Танзания мен КХДР тұр. Антигуа және Барбуда, Малави, Сент-Китс және Невис бізден жоғары екен. Бұл елдерді картадан бірден таба алмайтынымыз анық. Футболдан ұлттық құраманың іріктеу матчтарындағы ірі жеңілістері мен әлемдік рейтингіде едәуір төмендеуі ірі талқылауларға себеп болған жоқ», - деді ол.

Депутат халық футбол клубтарына бөлінген миллиондаған қаржы ақталмай жатқанын бірнеше рет көтергенін атап өтті. Оның пікірінше, отандық футболдың мәселесін ашық талқылайтын уақыт жетті.

«Ұлттық құрама бапкерлерін ТМД елдерінен шақыру тәжірибесін тоқтату қажет. Бұл елдердің ішкі чемпионаттары төмен деңгейде», – деп мәлімдеді депутат.

Магеррам Магеррамов Қазақстан футболына төмендегідей шаралар қабылдауды ұсынды:

1) футболшылардың шамадан тыс гонорарын қысқарту;
2) клубтарға шетел ойыншыларын қабылдауға жеті жылға шектеу енгізу;
3) шетелдік легионерлердің рұқсат етілген санын анықтау: бір клубқа – төрт футболшы;
4) негізгі құрамға әр ойынға екі шетелдік футболшыдан артық алмау.

Депутат шетелге жасөспірімдерді емес, оларға Еуропа елдерінің деңгейінде ойнауды үйрететін бапкерлерді жіберу керек есептейді.

«Мүмкіндігінше барлық футбол клубын өңірлік футбол мектептерін ашуға міндеттеу керек. Лигионерлерден үнемделген қаржыны осындай мектептерді дамытуға жұмсауға болады. Бұл балалар мен жастарды футболға тартуға және шеттен жаңа ойыншылар алуға шығындалмауға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Магеррамов.

Дереккөз: Baq.kz

11 қазан 2017, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.