Атырау, 20 сәуір 08:23
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

АҚШ Солтүстік Корея шекарасына бомбылаушы ұшақтарын жіберді

2 415 просмотра


АҚШ Солтүстік Корея шекарасына екі бірдей стратегиялық бомбылаушы ұшағын жіберді - деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі. 

Пентагонның В-1В Lancer бомбылаушы ұшақтары Солтүстік Корея шекарасы маңына Оңтүстік Корея әскерімен бірлесіп өтетін әскери оқу-жаттығу жұмыстарына қатысу үшін жіберілген. Оқу-жаттығу аумағына  В-1В Lancer ұшақтары АҚШ-тың Гуам аралындағы әскери базасынан оңтүстік кореялық F-15K бомбылаушы ұшақтарымен бірге барған. 

Reuters агенттігінің мәліметінше, В-1В Lancer ұшағы Оңтүстік Корея әуе күштерімен бірлесіп КХДР шекарасы маңында жердегі нысандардың көзін жоюға арналған оқу-жаттығу жұмыстарына қатысқан. Осыдан кейін АҚШ ұшақтары Оңтүстік Корея арқылы Сары теңіз аймағына өтіп, Жапония әскерімен бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын өткізген. 

Бұдан бөлек қазан айының басында Уашингтонның Корей түбегіне кезекті ұшақ тасмалдағыш кемесін жібергендігі белгілі болған. АҚШ әскери теңіз күштерінің (USS) Ronald Reagan ұшақ тасмалдағыш кемесі Корей түбегіне қазан айының 15-сі мен 20-сы күндері аралығында барады деп күтілуде. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


11 қазан 2017, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.