Атырау, 20 қазан 13:50
Кешке бұлыңғыр болады+13, түнде +8
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.11  € 394.65  P 5.81

Көне Сарайшық жаңалықтары  

11 қазан 10:53


Көне Сарайшық қаласын қазған жерден кімнің сүйектері табылды? Археологтар қандай өзгеше затты тауып алды? Келер жылы ауыл тұрғындарын қандай қуаныш күтіп тұр? Бұл туралы «АЖ» тілшісінің мақаласында айтылады.

РЕСЕЙЛІКТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ

Екі жыл бұрын көне қаланың қирандылары орналасқан биік жағалау аянышты көрініске ие болатын: бұрынғы қазба жұмыстарының іздерін құм басқан, әр жерде кеуіп қалған қайраңдар, шіріген табыт тақталар, аяқ астында шытырлаған адам сүйектерінің сықыры... Қорқынышты еді. Қазба жұмыстары қайта жаңғыртылғаннан кейін, бұл орын әлдеқайда жақсы күтіліп, әсіресе, ниет білдіруші әр адам ежелгі шеберлердің туындыларына қол тигізе алу мақсатында туристер үшін ғасырлық үйлердің тас қабырғаларын жалаңаштап, саздан жасалған ыдыстардың сынықтарын қалдырған.  

Биыл зерттеу жұмыстарына қосылған көршілес Астрахандағы ресейлік ғалымдар Сарайшықты қазіргі күнге дейін жақсы сақталып қалған қалалардың бірі және қазба жұмыстары үшін қызықты орын деп есептейді.

- Астрахан облысының аумағында Еділ бойында ондаған көне қалалар бар, - дейді Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі, Астрахандағы тарихи-сәулет музей-қорығының археология секторының меңгерушісі Вячеслав ПЛАХОВ (суретте), - Алайда Иван Грозный заманында және одан кейін тонауға ұшырап,  әрбір кірпіші бөлшектеліп қалғандықтан тарихтың кейбір қойнауын қалпына келтіру мүмкін болмай отыр. Сарайшық секілді қалашықтар көп жылдар бойына ғалымдарға тыныштық бермей келе жатқан көптеген құқпиялардың сырларын ашады.

ШЕБЕРДІҢ ҚҰПИЯСЫ

Археолог Сарайшықта бір кездері құрметті, әйгілі шеберлер өмір сүргенін, шәкірт ұстап, оларға өздерінің кәсіби құпияларын сеніп тапсырғанын әңнімеледі.

- Сарайшықта жасалған саз құмыра Қытайдан әкелінген немесе тіпті, бірнеше шақырымдағы әлдебір көрші қаладан әкелінген құмырадан ерекшеленеді. Бір елді мекен шеберлерінің негізгі сурет тақырыбы бір (сарайшықтық шеберлер құстарды бейнелеген), бір түс гаммасы, тіпті, бұйым құрамы бірдей болған, - деп, ғалым еңкейіп жерден жаңа ғана қазылып алынған ескі ыдыс сынығын алып көрсетті. – Қазір, тіпті, заманауи технологиялар мен білім болса да, мынадайды дәл жасау мүмкін емес. Неліктен? 21 ғасырдың шебері сурет салу кезінде бояуды араластыру үшін қандай өсімдіктің шырыны қолданылғанын қайдан білсін? Иә, ол төңіректегі бүкіл өсімдікті жинап, мың қайтара одан сығынды жасап көруі мүмкін. Бірақ қажетті түс немесе қоюлық шығу үшін  оларды қандай маусымда жинау керектігін ол қайдан біле алады? Оның сырлары көп: желім, илем, температура... Бұл ешқашан ашылмайтын мәңгілік құпия болып қалады. Бірақ осы сынықтардың негізінде тарихтың басқа элементтерін толықтыра аламыз. Мәселен, керуендер қайдан бастап шыққан және олардың жету нүктесі қандай болған? Олардың жолында қандай ұсақ аралық «станциялар» болған? Мұның бәрін Жібек жолындағы керуендердің саудагерлері айырбас жасаған және сатқан осындай артефакттерден анықтауға болады, - деп сөзін түйіндеді археолог, күстенген саусақтарымен жүздеген жылдар бойы сақталып қалған бұйым сынығын тықылдатып.


ҚАСЫМХАНДЫ ТАБУ

Бұрын зерттеу жұмыстары жүргізілген негізгі орыннан сәл батысқа қарай орналасқан төрт жаңа қазба орындарынан әркелкі олжалар табылыпты.

- Міне, мынау не деп ойлайсыз? – Үлкен картон қораптан атыраулық археолог Марат ҚАСЕНОВ бір затты ұқыптап алып шықты: оның ұзындығы шамамен 20 сантиметр, іші қуыс, екі жағы тегіс өңделген, ортасы ойылған және жоғарғы жағында екі кішкентай және төменде бір тесігі бар сүйектен жасалған екен. – Біз мұны жақында тауып алдық, мұндай зат бірнешеу екен.

Оғаш нәрсенің қолданылу мақсаты табылып қалар деген үмітпен Қасенов оны өз әріптестеріне ғана емес, жергілікті тұрғындарға: аңшыларға, балықшыларға, қариялар мен әйелдерге де көрсетті. Бәрі де білмейтіндіктерін білдірді.

- Эххх, - деп, жауап таба алмаған ол күрсініп, сүйекті өзінің қоймасына қайта салып қойды.


Беймәлім сүйектен басқа, әлі ешкімге көрсетпеген заттар да бар екен: кіп-кішкентай қытай вазасы – шамасы, кезінде өтіп бара жатқан керуен жергілікті тұрғынға сатқан болуы керек. Фарфор құмыраның кесегі шамамен 14 ғасырға тиесілі. Ноғай сұлуының қола айнасы, оның келесі жағына жүгіріп бара жатқан киіктер мен түлкілердің бейнелері соғылған. Арабша өрме жазумен басылған қырық дана Сарайшық монетасы және сансыз сазды пазлдар. Сенбейтін шығарсыздар, алайда, осы сынықтарда дәмдеуіштердің нәзік иісі сақталып қалған... Ал осы жазда табылған ең бағалы олжа – қамалды қорғап тұрған және жақын маңдағы тұрғын поселкеге қарай созылатын бекініс қабырғасының бірі бөлігі.

- Сіз сонда қазіргі үйлер қала үстінде тұр дегіңіз келе ме?

- Иә! Және Жайықтың екінші, сол жағалауында және оның ескі арнасында... Көне қала үлкен болған. Қандай үлкен жұмыстар күтіп тұр, қаншама жәдігерлер бар. Қазір поселкенің осы бөлігіндегі тұрғындарға жаңа үйлер салуға рұқсат бермейді және жаппай көшіруге уәде етуде. Ал содан кейін, біз міндетті түрде Сарайшықты Қазақ хандығының астанасы қылған ұлы билеуші Қасымханның бейітін табамыз. Мен оны таптым деп ойлап едім... – Қасенов тоқтап, көне қабірді көрсетті. – Көріп тұрсыз ба, екі бейітті, бұл жерде тақтасы бар стелла болған шығар, бірақ тек оның негізі ғана қалған... Бірақ менікі қате екен, бұл Қасымхан емес, Ноғай қабірі болып шықты.

«Хан ордалы Сарайшық» музейіндегілер де қазір өзендегі бір жарым шақырымдық бетон қабырғамен сақтап қалуға тырысып жатқан қаланың жұртшылыққа белгілі бөлігі көне қалашықтың аз ғана бөлігі екенін растайды.

- Сарайджуктың басқа бөлігі өзеннің келесі бетінде, Еңбекшіл ауылының маңында, - деп есептейді музей мамандары. – Бұл бұрынғы 15-ауыл.

Басқа да орындар бар шығар, өйткені үлкен қалаларда қала маңдары да болады ғой. Мұны тарихи ғылымдардың докторы, археолог Зейнолла САМАШЕВ «Сарайшық» кітабында да жоққа шығармаған. Онда сол кездегі ақсүйек-шонжарлардың қала сыртында үйлерінің болуы – қарапайым құбылыс болған деп растайды. Тек оларды тауып, зерттеу ғана қалып тұр.


БЕЙШАРА ЙОРИКТЕР – ЕЖЕЛГІ ЕМЕС

Көпшілік қазба орындарына аяқ басқан кезде бүкіл кеңістікте шашылып жатқан адам сүйектері Сарайджуктың көне тұрғындарына тиесілі деп есептейді. Әрине, олай емес. Ендеше, олар кімдікі?

Төрт жылын қазба жұмыстарына, ал жалпы жиырма жылын көне қаланы зерттеуге арнаған Самашевтің кітабына сүйенсек, сүйектердің бұлайша көп болуының өз себептері бар екен.

«…Өзен өз арнасын әлденеше рет өзгертті, ал тұрғындар көшіп кеткен аудандар киелі қорымдар ретінде пайдаланыла бастады, - деп жазады З.Самашев. – Үйлердің қирандылары дала қорғандарын еске түсіреді, олардың орнында қабірлер шоғырланған. Қаланың осы ескі жұртта қалған аудандарын мыңдаған қабірлер басып жатыр...».

2015 жылы «Ақ Жайық» редакциясы түсірген суреттерде кейінгі кезеңдегі қабірлер қабаты бейнеленген, олардың көпшілігі христиандық қабірлер.

- Сіз көріп отырған сүйектер 15-20 ғасырларда қайтыс болған адамдарға тиесілі. Яғни, қала ретінде Сарайшық жойылғаннан кейінгі, - деп есептейді Қасенов. – Олар жергілікті тұрғындарға тиесілі болуы мүмкін.

Рас секілді, бірақ жергілікті тұрғындардың ешқайсысы қорымға бармайды. Сондықтан марқұмдардың бұл жерге өте ертеде жерленгені сондай, қазіргі ұрпақтарының өз ата-бабаларының қайда жерленгені естерінде жоқ деп болжайық.

Айтпақшы, жұмысшылар осы сүйектерді қол арбаға салып, ортақ бір бейітке тасып жатыр. Бұл трактордың шынжыр табанына уатылып, жаңа жағалаудың асфальтына қаланғаннан жақсы ғой, солай емес пе?


ЖАҒАЛАУ – ҚОРҒАНЫС ӘРІ ДЕМАЛЫС

Ал құрылысшылардың жоспарына сенер болсақ, ол (жағалау) келесі жылы дайын болады. Мәдени демалыс ретінде тек аталмыш музейлері ғана бар сарайшықтықтар үшін бұл үлкен әрі қуанышты оқиға.

18 ай ішінде оларға таяныш тұтқалары мен сәкілері бар бір жарым шақырымдық демалыс орнын тұрғызуға уәде берген. Жағалау төрт метрге биіктетіледі, сонымен қатар, қалашықты тасқыннан қорғау қызметін атқарады. Жоба құны – 1,6 млрд теңге, жұмыстың біту мерзімі -  2018 жылғы 30 сәуір.

Бірақ мұнымен бітпейді. Жаңа орындардың қазба жұмыстары  жағалаудың бүкіл аймағына созылуы мүмкін және уақыт өте ашық аспан астындағы нағыз музейге, көптеген туристер  тәу ететін орынға айналады.

Археологтар оптимистік көңіл-күйде: алда талай жұмыстар атқарылуы керек, өйткені «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енгізілген қазба жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Бұл дегеніміз, жер қойнауынан әлі де талай қызықты та жұмбақ заттар шығарылады деген сөз.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА 

Суреттерді түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

802 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Сізге жеделхат келді!  2229 рет қаралды

Қысқы аккорд  39 рет қаралды

Қысқы аккорд  740 рет қаралды

...Ұлар етін жедің бе?  2524 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5