Атырау, 19 сәуір 11:01
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Саябақ құрылысы қашан бітеді?

Сурет
2 870 просмотра

Бір ай бұрын Индербор кентінің «Көктем» мөлтек ауданында саябақ құрылысы басталған болатын. Сметалық құны - 42 млн теңге. Бұл 13 мыңнан астам халық тұратын кенттегі екінші демалыс орны болмақ.


Саябақ «Атырау-Индер» трассасының бойында орналасқан. Тапсырысшысы – жергілікті әкімдік болса, мердігері – «ЖолаушыЖол» ЖШС. Біз онда 3 қазан күні сағат 15-те барғанымызда ешкімді көрмедік. Саябақтың екі жақ бөлігінің топырағы тегістеліп, төсемтас төселе бастаған (суреттерде). Әлі бірталай жұмыс бар, күз басталғанымен айналада жүрген ешкім жоқ.   

- Бұл жеке компания ғой. Ол жұмысын жалғастырып жатыр, материалдан кідіріс болған емес. Мәселен, осы айдың 15-де қоршау жұмыстары бітпек. Құрылысшылар саябақты осы айдың аяғы, болмаса қараша айының басында бітіріп, пайдалануға береміз деп отыр. Біз көгалдандыру жұмыстарын жүргізбекпіз, - дейді Индербор кентінің әкімі Рулан ТУРАБАЕВ. 

Ал «ЖолаушыЖол» ЖШС бастығымен сөйлесу мүмкін болмады. Ол өзі хабарласам деген болатын. Мүмкін саябақтың ашылуына шақыру үшін хабарласатын болар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қазан 2017, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.