Атырау, 19 сәуір 02:19
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жер жыртқандікі...

3 847 просмотра


Жақында қалалық жер қатынастары бөлімі жер телімдерін жалға алу құқығын сату бойынша бәссауда өткізді. Саттыққа Атырау қаласының ішінен және қала маңындағы ауылдық округтерден 39 телім шығарылды.

Бастапқыда кәсіпкерлер жалға алу құқығын сатып алады. Күрделі құрылыс салынғаннан кейін ғана мемлекеттен жерді кадастрлық құны бойынша сатып алуға болады. Телімді игеру уақыты алдын ала ескертіледі. Мақсаттық пайдаланылуы бәссаудаға дайындық кезеңінде - бас жоспарға, аумақ құрылысының жоспарына және толық жоспарлау жобасына сәйкес көрсетіледі.

- Бұл ағымдағы жылы өткізіліп жатқан екінші бәссауда. Біріншісін шілдеде өткізген едік. Ал 4 қазанда саттыққа жаңа 27 телім мен өткен бәссаудадан қалған 12 телімді шығардық. Бұл жерлерді сұранысқа ие емес деуге болмайды. Бизнесмендердің өтінімдерін толықтай қанағаттындыру мүмкін болмай жатады: бір жерлерге бас жоспар, енді бір жерлерге алаң мөлшері немесе мектеппен және басқа объектілермен көршілес болу мүмкіндік бермейді, - дейді қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары Руслан ДӘУЛЕТОВ.

Нәтижесінде 4 қазанда кәсіпкерлер 26 телім сатып алды. 13 лот бойынша саттық өткізілмеді деп танылды – кей жағдайда телімді тек бір адам алуға ниет білдірсе, ал басқа жағдайда – ешкім болмады.


Қала ішіндегі жер ең өтімді болып шықты. Тіпті, кішкентай дүкен ғана сыятын шағын телімдердің өзіне көп өтініштер берілген. Мәселен, Нұрсая ықшамауданындағы ет және балық өнімдерін сатуға арналған дүңгіршек салуға болатын 12 шаршы метрлік алақандай жерге 14 адам үміткер болды. Есесіне Зарослый, Талғайраң, Водников секілді жаңа, енді ғана игеріліп жатқан ықшамаудандардағы телімдер назардан тыс қалды.

- Біз тоқсан сайын бір рет аукциондар өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір қалалық сәулет бөлімі жаңа телімдер дайындауда. Бұдан басқа, бізге соңғы бәссаудадан қалған телімдерді өткізу керек. Жыл аяғына дейін, кем дегенде, тағы бір аукцион өткізіледі, - деп сендірді Руслан Дәулетов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті түсірген автор

9 қазан 2017, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.