Атырау, 15 желтоқсан 19:11
Түнде ашық-4, таңертең -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

Өзендегі демалыс

8 қазан 20:38


Апта бойына кеш сайын көршім Нұрбек екеуміз сенбі күні қала сыртына балық аулауға шығамыз деп, дайындалумен болдық. Сарайда қолданылмай жатқан спиннигтерді шығырап алдым. Екі-үш маусым қатарынан күзгі балық аулауға шығуға мүмкіндігім болмай жүр еді.

Таңсәріде жолға шықтық. Жолай Нұрбектің досы – Олжасты да ала кеттік. Келген бастапқы жеріміз – Махамбет ауданындағы Талдыкөл (бұрынғы Редуть) ауылының солтүстігіндегі тоғай болатын. Он жыл бұрын туристер жаққан алаудан өртенген тоғай әлі қалпына келмеген.

Қала тұрғынын бұл жердің саф ауасы майсайратады екен. Тоғай іші таза, өйткені балық аулаушылар бүкіл қоқыстарын жинап жүреді. Көлікті ағаштардың арасына қалдырып, жағаға шықтық. Жағада күшті жел соғып тұр екен.

- Үнемі осылай жел соғып тұрады, - деп, Нурик суға қарай түсті.

Жағада спиннинг ұстаған он шақты балық аулаушылар отыр. Кешікпей дәнеңе ұстай алмаған соң, олар кетіп қалды. Спиннигті жиырма рет, «резеңкемен» бесеуден лақтырған соң, біз де орын өзгертуді ұйғардық.

Келесі барған жеріміз – қала маңындағы Геолог поселкесінің саяжайлар маңы. Бұл жерде жел көп білінбейді. Біз көксерке аулау үшін «резеңке» лақтырып жүргенде, Олжас бес мөңке ұстапты. Біз де одан үлгі алып, кешікпей ыдыс жиырма шақты балыққа толды.

Әдеттегідей, біреу бәрін бүлдіру керек қой – ауылдың балалары кішігірім қармақ саппен келіп, қармақты суға ебедейсіз лақтырып, балықтарды үркітіп жіберді. Түске таман үйге қарай жиналдық.

Жолда Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің маңындағы сол жақ жағалауда балықтың қалай қауып жатқанын көрмек болдық. Бұл балық көп түсетін жер екені белгілі.

- Өте қуаныштымын, Кузьмич! – деп өзін таныстырды ұзын плащ киген, бетін күн қаққан, ұзын бойлы қария. – Мен қазір ғана Алмалы ауылының маңынан балық аулап келдім. Ешкімнің қармағы балық қапқан жоқ, тек досым екеумізге ғана түсті. Маған көксеркелер, досыма ақмарқалар түсті.

Өзі отырған жәшіктің ішін көрсетті. Жәшік әртүрлі көлемдегі көксеркелерге толы екен. Оның өзгеше қармағын көзім шалды.

- Ата, балберканың орнына не қолданғансыз?

- Бұл теледидар антеннасының пластик ішкі жағы!

Нұрбек екеуміз бір бірімізге қарадық. Жақсы ойлап тапқан екен.

- Сізге мұны ойлап тапқаныңыз үшін патент ресімдеу керек еді!

- Ой, тентектер-ай, пайдаланыңдар, ал біз тағы бірдеңе ойлап табармыз…

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1048 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

«Бекіре» акциясы және жанбайлық браконьерлердің пәлсапасы  1542 рет қаралды

​Бұл кімдердің ау құралы?-2  1441 рет қаралды

Дүмшелер диагнозы  1075 рет қаралды

Білектің күшімен емес, ақылмен ақша табуды үйренейік - Назарбаев   172 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5