Атырау, 24 сәуір 10:19
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жасыл климат қоры Қазақстанға 110 млн доллар бөлді

2 072 просмотра


Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) негіздемелік бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру үшін $110 млн көлемінде Қазақстан үшін қаржыландыруды мақұлдады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жасыл климат қоры (GCF) жаңартылатын энергия көздерін Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) негіздемелік бағдарламасы бойынша жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларды іске асыру үшін $110 млн көлемінде Қазақстан үшін қаржыландыруды мақұлдады. GCF-тің бұл үлесі жеңілдікпен қаржыландыруды 106 млн АҚШ долларын және 4 млн АҚШ долларын техникалық көмек үшін грант түрінде қамтиды. Жобалар Қазақстанның Үкіметіне «жасыл экономика» көшуге көмек көрсетуге, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін интеграцияны арттыру мақсатында күн, жел дамытуға, шағын су және биогаз, сондай-ақ электр желілерін жаңғырту және нығайтуға бағытталады. 

Осы жобалар бойынша атқарушы агенттік бүгінгі күні Қазақстанға 7,3 млрд инвестициялаған Еуропалық қайта құру және даму банкі болады, оның ішінде тұрақты энергетикаға 1,7 млрд еуро инвестиция салды. 

Жасыл климат қоры мен Еуропалық қайта құру және даму банкімен белсенді бірлескен жұмыс Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін инвестиция және климаттың өзгеруімен күреске бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды арттыру күтілуде. Жасыл климат қоры дамушы елдерде парниктік газдар шығарындыларын шектеу және қысқарту, сондай-ақ климаттың өзгеруі әсеріне бейімделуге көмек көрсету үшін 124 ел үкіметтерінің бастамасымен құрылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат


6 қазан 2017, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.