Атырау, 29 наурыз 11:13
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 343 просмотра


ТЖД хабарлағандай, 30 қыркүйекте Мақат ауданының Доссор поселкесінде жол бойындағы кафеден өрт шығып, соның салдарынан 20 жастағы ер адамның денесінің 80%-ын күйік шалған. Зардап шегуші жедел-жәрдеммен жергілікті ауруханаға жеткізілді, содан кейін  облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

 

*****

Сенбіде, 30 қыркүйекте 48 жастағы ер адам Атырау теміржол станциясының 13-ші жолында маневр тепловозының астына түсіп қалды: ол «жабық бас сүйек-ми зақымы, коматозды күй» диагнозымен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. 

 

*****

 

Жылыой ауданының орталық ауруханасына «иісті газдан улану» диагнозымен 1 қазанда Жаңа Қаратон поселкесінің екі тұрғыны – 80 жастағы зейнеткер мен оның 45 жастағы ұлы түсті. Қария ауруханаға жатқызылды, ал ұлы алғашқы дәрігерлік көмектен кейін үйіне жіберілді.

 

*****

«Арнаулы автобаза» ЖШС ауласында 1 қазанда өрт болды. Қаладағы қызметтер қала аулаларынан жинап, Арнаулы автобаза аумағына әкелген бірнеше иесіз көліктер өртенді. Қарауылшыларға ПАЗ автобусын «құтқару» үшін монтировкамен жапатармағай есігін ашуға тура келген.

 

5 қазан 2017, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.