Атырау, 28 наурыз 23:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қарағанды облысында атасы өз немересін өлтіріп, қашып кеткен

1 948 просмотра

Фото: CC0 / Arek Socha

Қарағанды облысында өзінің үш жасар немересін өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен ер адам іздестірілуде, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

Қайғылы оқиға Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ағадыр ауылында болған. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, ер адам өзінің үш жасар немересін ұйқы бермегені үшін өлтіріп, қылмыс жасаған жерден қашып кеткен. 

ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Қазіргі уақытта күдіктіні іздеу және оны қолға түсіру шаралары жүріп жатыр", — деп хабарлады Құдияров. 

Тергеу облыстық прокуратураның тікелей бақылауымен жүзеге асырылып жатыр. 

Дереккөз: Sputnik

5 қазан 2017, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.