Атырау, 28 наурыз 18:27
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Түтін пердесі

Сурет
1 956 просмотра


Бүгін, 5 қазанда таң ата Атырауды ащы ақ түтін пердесі тұмшалап алды. Бұл жолы химиялық шабуылға «Арнаулы автобаза» КМК кінәлі.

Бір түн ішінде қоқыс орнынан түтін будақтап, бүкіл қаланы түтін бұлты қоршап алды.

- Біз алдыңғы күні жағымсыз иіс көзін анықтадық. Оны анықтау өтінішімен маған қалалық мәслихат депутаты Сайын ШОМЫРОВ қоңырау шалған еді. Қоқыс орны екі күн бықсып, түтіндеп, қызметкерлер әрекет жасауға тырысты. Бірақ, одан дәнеңе шықпағанына куә болып отырмыз. Кеше кешкісін тұтанды. Сол кезде газ анализаторлары ауада шекті рұқсат етілген концентрация 50 мг/текше болған жағдайда метан құрамының бір жарым есеге асқанын көрсетті. Біз тексеру жұмыстарын жүргіздік, соның нәтижелері бойынша кәсіпорынға айыппұл салынады, - деп хабарлады «АЖ»-ға облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ.

ТЖД мәліметтері бойынша, өрт бүгін, 5 қазанда сағат 11.50-де өшірілген.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

5 қазан 2017, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.