Атырау, 19 сәуір 18:49
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

4 360 просмотра

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Қостанайда ардагерлер арасында тоғызқұмалақ бойынша ҚР чемпионаты өтті.

Атырау ойыншысы, жеті дүркін чемпион, БЖСМ-1 бапкері  Құрманбай Ашетов қола алқаны місе тұтты. «Классика» бойынша оның ойын нәтижесі: 5 жеңіс, бір жеңіліс және бір тең ойын.

Семейлік Жарас Исаханов ешқашан жүлдегерлер үштігіне кірген емес. Бірақ бұл жолы ол жақсы дайындалып, чемпион атанды. Бауыржан Төлегенов әр уақытта екінші болып, сенсация жасамайтын. Онымен ойналған партия тең ойынмен аяқталды. Ал рейтинг бойынша (ойындағы прогресс) ол үздік атанды. «Блиц» санатында Қ. Ашетов екінші орын алды.

***

МУАЙ-ТАЙ

1 қазанда Атырау мұнай және газ университетінің спорт залында муай-тайдан облыстық ашық чемпионат өтті.

Сайысқа «Қайсар» клубынан, кикбоксинг, ушу федерацияларынан және Батыс Қазақстан облысының муай-тай бойынша құрамасынан жүзден астам спортшы қатысты. Атырау командасының құрамасынан: 8-9 жас – Юсуф Муxтасип, Саян Сүйесин, Мырзабек Рустам, 10-11 жас – Амантай Әлиxан, Түгелбай Ернар, Әліби Зейнуллин, Вадим Демидов, Сағидолла Нұртас, 12-13 жас – Лұқпанов Нұрсат, Кенжебай Айдын, Нұрбол Ұзақбаев, Сағынбек Хасанов, Артур Сабырұлы, Ақжол Мизамов, Расул Қисамиденов, Айболат Көшәлиев, 14-15 жас – Әділжан Амангелдиев, Әли Мұратов, Жомарт Тынышқалиев, Вячеслав Хорошиx, 16-17 жас – Еркебұлан Асқарұлы, Еламан Өтегенов, Мақсот Мұxамедәли, Бауыржан Қанат, ересектер – Дидар Жеңіс, Нұрлыбек Ордабаев, Дидар Болатов, Мұxанжан Бауырбек, Құрмет Марғұлан және Темірғали Өтемісов чемпион атанды.

***

ТАЕКВОНДО

Қостанайда БЖСМ арасында таеквондодан ҚР чемпионаты өтті.

Облыс құрамасы жақсы нәтижелер көрсетті. Жасөспірімдер арасында Илья Макпузов, Исмаил Әубекеров пен Бекежан Аманжанов чемпиондар атанды. Ересектер арасында Бексұлтан Қабдрахманов, Арыстанбек Әбдіқұлов «күміске» қол жеткізді.

***

СПАРТАКИАДАЛАР

Атырауда тірек-қозғалыс аппараты және көру қабілеті бұзылған мүгедек-спортшылар арасында спартакиада өтті.

57 спортшы Атыраудың намысын қорғады. Олардың нәтижесі: 23 алтын, 8 күміс және 11 қола алқалар. Командалық есеп – 3-орын.

Тек жоғарғы орын алған марапат иелерін атаймыз. Жеңіл атлетика -– Нұрлан Домбаев, Жанболат Қазиев, Бақытxаным Өтешова, Есболат Әбенов; жүзу – Ержан Сәлімгереев, Екатерина Обратнова, Дмитрий Ли, Құрманғазы Әбділмұратов; үстел теннисі – Раушан Орынбаева, Ерлан Қазиев; отырып волейбол ойнау командасы; парадзюдо – Әнуар Сариев, Ғалымжан Маxметов; паратаеквондо – Н. Домбаев пен Ж. Қазиев.

***

ЕРКІН КҮРЕС

Астраханда Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның және Өзбекстанның командалары қатысқан жасөспірімдердің халықаралық турнирі өтті. Екі атыраулық балуан Руфат Асыланұлы (35 кг дейін) мен Нұрдәулет Сейілбеков (38 кг дейін) алтын алқалар алды. Екі балуан да кейін Ақтауда өткен халықаралық турнирде ерекшеленді. Олардың есебінде тағы «алтын» мен «күміс» бар. Спортшылардың бапкері Данияр Хабдуловтың айтуынша, Нәдір Асхатұлы, Думан Мырзабай мен Нұркен Балтабаев жақсы нәтижелер көрсетті. Олар жүлдегерлер қатарына кірмесе де, жақсы күресті.

***

КІР ТАСЫ

Кір тасын көтеру спорты бойынша әлем чемпионы Евгений Михайлович Ухов 2 сағат ішінде 16 келілік кір тасын 2 160 рет көтеріп, өзінің жеке рекордын (артығымен 50 рет көтеріп) жаңартты.

Рекордты Атырау қаласындағы қайық станциясында ҚР еңбек сіңірген бапкер Игорь Миргамбаев куәландырды. Айта кету керек, спорт ардагері осындай әрбір рекорд жорығынан кейін 5 келі салмақ тастайды. Бірақ бұл өзінің денсаулығын нығайтады деп есептейді чемпион.

***

ДЗЮДО

Аманбай Қыздарбаев Италияда Ольбия қаласында ардагерлер арасында өткен дзюдодан әлем чемпионатында алтын алқа иеленді.

Естеріңізге салсақ, Атырау қаласындағы жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры әрі есімдері әлемге танымал дзюдошылардың тәлімгері А.Қыздарбаев 2013 жылы самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионы атанған еді.

***

КАРАТЕ

Орал қаласында кекушинкайкан карате-до бойынша Батыс Қазақстан чемпионаты өтті.

Облыс құрамасында Глеб Повстянко, Нұрасыл Қожахмет, Димаш Әбдіғали, Сұлтанғали Асабаев, Владислав Шишов, Богдан Панков, Кәрімжан Игенов, Карина Досимова, Кирсан Құлмағамбетов, Нұржан Елемес, Аллаберген Сақауов чемпиондар атанды. Спортшыларды бапкерлер Мұрат Жолдасов, Андрей Котов, Рүстем Байбосынов және Александр Грузинцев дайындады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 


5 қазан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.