Атырау, 24 сәуір 06:35
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Мықтылардың таңдауы

2 589 просмотра

Шыңғысхан КЕНЖЕБАЕВ

Биыл муай-тайда көп жүлде сарапқа салынды. Оның біраз бөлігі Атырауда қалды. Облыстық муай-тай федерациясының президенті Бағытжан МҰХАМБЕТАЛИЕВ (суретте) әңгімелейді.

- Наурыз айында ересектер арасында ҚР чемпионаты өтті. Ел құрамасына біздің төрт спортшымыз ілікті: ағайынды Әбіл мен Ищан ҒАЛИЕВТАР, Еламан САЯСАТОВ және Дидар ЖЕҢІСОВ. Алғашқы үш балуан доссорлық бапкер Мейрам ҒАЛИЕВТЫҢ шәкірттері. Дидар – менің шәкіртім. Олар Минскіде өткен әлем чемпионатына қатысып, Еламан күміс алқа, Дидар қола алқа алды. Тамыз айында польшалық Вроцлав қаласында Дүниежүзілік ойындар өтті. Бұл әлемнің мықты спортшылары олимпиадалық ойындарға кірмейтін спорт түрлері бойынша қатысатын сайыстар. Осынау беделді сайыстарға қатысу лицензиясын Еламан мен Әбіл алды. Нәтижесінде Еламан Саясатов Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды.

Бағытжан МҰХАМБЕТАЛИЕВ

Қыркүйекте олар Ашхабадта жабық ғимаратта өткен Азия ойындарына қатысты. Онда Әбіл «күміс» иеленді. Бұдан басқа, Петропавловскде өткен «Солтүстік Кубогы» республикалық турнирінде Юсуф МУХТАСИП пен Шыңғысхан КЕНЖЕБАЕВ жеңімпаздар тұрғырынан көрінді.

Қыркүйекте Атыраудағы Мұз сарайында ҚР құрамасының өкілдері мен муай-тай жұлдыздарының командасы – Австралия, Бразилия, Оңтүстік Африка және Ресей құрамаларының мүшелері арасында матчтық кездесу өтті. Матч Қазақстан пайдасына 8:1 есебімен аяқталды. Өз жекпе жектері бойынша Әбіл мен Еламан жеңіске жетіп, өз дәрежелерін растады.

Жоспарларыңыз қандай?

– Муай-тай Атырау қаласында жақсы дамуда, қала мен аудандарда федарацияның бірнеше филиалдары ашылды. Қазір федерацияда төрт жүздей спортшы бар. Жасөспірімдер әскер қатарына қызмет етуге кетпес бұрын дайындықтан өтеді. Кейбір спортшылар құқыққорғау органдарының қызметкерлері болып жұмысқа орналасады. Биыл 2017 жылғы «Солтүстік Кубогы» иегері, көліктегі полиция бөлімінің қызметкері Кенжебаев өзін жақсы жағынан көрсетті. Биыл ол муай-тайдан ҚР чемпионы және күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында өткен қоян-қолтық ұрыстың жеңімпазы атанды.

Қазір біз ҚР Муай-тай федерациясының Кубогына әзірленудеміз. Ол қарашада, осы жерде Атырауда өтеді. Мұнда 2018 жылы Мексикада өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын кім қорғайтыны белгілі болады.

Біздің жігіттерге – ҚР құрамасының мүшелеріне – бюджеттен ай сайын шәкіртақы тағайындалды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті облыстық муай-тай федерациясы ұсынды

5 қазан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.