Атырау, 29 наурыз 13:42
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Арамызға тезірек оралса екен»

3 852 просмотра


Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  УГ-157/9 түзету мекемесінде (ерлер колониясы) халықаралық «Қарттар күні» мерекесіне орай «Ашық есік» күні өткізілді.

Жазасын өтеушілердің туыстарына олардың тұрмыстық жағдайлары, жатын бөлмелері, кітапхана, асхана және жуыну орындары көрсетіліп, таныстырылды.

Осы жағдайды пайдаланып, аталмыш шараға тек қана Атырау емес, Ақтау қалаларынан да сотталғандардың туыстары келді.

УГ-157/9 мекемесінің бастығы Ерлан ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ:

- Бұл шараның мақсаты - жазасын өтеушілерді моралды түрде бостандыққа дайындау және олардың туыстарының абақты туралы түрлі жағымсыз стереотип ойларын жою. Жазасын өтеушілер туыстарын, балаларын көріп өте қатты қуанды. Демек, біз мақсатымызға жеттік.   

Жазасын өтеушілердің бірінің анасы Айман:

- Бұрын ұлымның қандай жерде жазасын өтіп жатқанын ойша елестететін едім. Бүгін өз көзіммен көрдім. Қорқынышымыз басылды, тек енді арамызға тезірек оралса екен.

Фархат ӘБІЛОВ 

Фото: Атырау облысы бойынша ҚАЖД

5 қазан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.