Атырау, 25 сәуір 12:45
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Омарәлі Әділбек: «Қытаймен байланыста стратегиялық бағыттан ұтылмауымыз керек…»", "Путин Ашхабадқа бес жылдан кейін не үшін барды?", "Қырғызстанға Ресейдің тағы бір әскери базасы керек пе?", "Қазақстан Алаш зиялыларына ескерткіш орнатуы керек пе?"

2 158 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Зорлыққа қарсы ұйымнан жанжал шықты" - Кейінгі кезде «НеМолчи.kz» жаңа құрылған құқық қорғау ұйымына қатысты жанжал көбейіп барады. "НеМолчи.kz" қозғалысы зорлық-зомбылық құрбанына айналған әйелдердің құқығын қорғаумен айналыса бастаған еді. Қозғалысты құрған Дина Смайылованы БҰҰ-ның Нью-Йоркте өткен форумына шақырған, бірақ елге оралған ол бұрынғы серіктес әйелдер таққан ауыр айыптарға тап болды.

"Қырғызстанға Ресейдің тағы бір әскери базасы керек пе?" - Қырғызстан премьері Сапар Исаков өткен аптадағы Мәскеуге сапарында аймақ қауіпсіздігін нығайту үшін тәжік-қырғыз шекарасында әскери база орналастыру керек деген пікір айтты. Қырғызстанда онсыз да Ресейдің бір әскери базасы бар.

ABAI.KZ. "Гүленшілер - тыңшылар... тыңшылар емес..." - Facebook әлеуметтік желісінде Фазылбек Әбсаттарұлы еліміздегі Қазақ-түрік лицейлерінің ұстаздарын қаралаған жазба жариялады. Ол жазбаға белгілі журналист Марат Тоқашбаев өз тарапынан жауап берді. Біз осы екі жазбаны оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.

QAZAQTIMES.COM. "Египеттің «арқасүйері»" - Соңғы кездері Египеттің Солтүстік Кореядан қару сатып алғаны туралы деректер мен елдегі адам құқықтарының жиі бұзылуы жөніндегі ақпараттар АҚШ әріптестік қолдауын жалғастырып келеді. Өткен жексенбіде Washington Post басылымы Египеттің кәсіпкерлері Солтүстік Кореядан 30 мыңға жуық зымыран жарылғыштар сатып алғанын жазды. БҰҰ бұл әрекетті КХДР-ға қарсы салынған санкцияларға қарамастан жасалған ең үлкен сауда келісімі екенін айтып, дабыл қақты.  

"Путин Ашхабадқа бес жылдан кейін не үшін барды?" - Бес жылдан кейінгі кездесу. Ресей президенті Владимир Путин мен Түркіменстан басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамедов қазан айының 2-сі күні Ашхабад қаласында не жайында сөйлесті?

AIKYN.KZ. "Ел боламын десең, YOU TUBE-ыңды түзе…" - Еңбек демалысына шыға сала ауылға аттандым. Өзім үшін соншалық мамыражай күндердің бірінде болған оқиғаны баяндап берейін. Түскі асты ішіп болғанымыз сол еді, әкем ағама келіп: «Анау итті байлап қойыңдар. Көрші-қолаңды қауып алады» деді. Ағам болса, үйдегі Сырттан атты итіміздің нөмірі бірінші қорғаушысы. Жұмыстан келген күні мереке. Өйткені көптен бері босамаған ит аулада, алаңсыз асыр салады. «Қазір байлаймын» деп жауап қатты ағам. Осы әңгімені естіп отырған кішкентай сіңлім дереу ағамның жанына барып: «Әке, ата жаңа сізге ұрысқан кезде көңіл күйіңіз түсіп, жүрегіңіз ауырды ма?» демесі бар ма? Отырған жерімізде қыран-топан күлдік. Тілі тас жаратын сіңлімнің сезімталдығы өз алдына бөлек әңгіме. Мұншалық таза сөйлеуіне қазақша мультфильмдер мен балалар бағдарламасы әсер еткен. Өйткені күні бойы көретіні – «Балапан» арнасы. Сөз арасына сіңісіп кеткен «паразит-сөздерді» кейінгі кіші буын қолдана бермейді. Демек, балаларға арналған қазақ тіліндегі контент керек-ақ деген сөз. Осы жағдайдан кейін Youtube желісіндегі қазақша мультфильмдерге көз сүзіп шықтық. Сұраныс әлі қанағаттанарлық деңгейде емес. Таяқтың келесі ұшы балаларды интернетке байлап қоюға келіп тіреледі. Мұндайда не істемек керек?

QAMSHY.KZ. "Германиядағы Парламент сайлауы: еуроскептицизм" - 2017 жылдың 24 қыркүйегінде Германияда 19-шы рет федералды Бундестагтың Парламент сайлауы өткізілді. Exit poll нәтижесі бойынша Бундестагтағы 690 орынның 33%-ы Ангела Меркель басшылық ететін ХДП партиясына (Христиан Демократиялық Партиясы), 20,6%-ы бұрынғы Еуропарламент  депутаты Мартин Щульц басшылығындағы социал-демократтарға бұйырса, үшінші көпшілік 12,6% дауыс көрсеткішімен оңшыл популисттердің «Германия үшін Альтернатива» партиясына бұйырды. Қалған 206 орын сәйкесінше парламентке кіруге қажетті пайыздық межедан аса алған партиялар – либералды Тәуелсіз Демократиялық Партия (ТДП), Солшылдар партиясы мен Жасыл партия иеленді.

DALANEWS.KZ. "Омарәлі Әділбек: «Қытаймен байланыста стратегиялық бағыттан ұтылмауымыз керек…»" - Көші-қон саясаты Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар дүние. Бұл тарапта тәуелсіздік алған жылдар ішінде көп жұмыстар атқарылып, миллионға жуық қазақ атажұртына оралды. Соңғы уақытта Қытайдағы этникалық қазақтар «қысымға ұшырап жатыр» деген ақпарат түрлі жолдармен ел ішіне таралды. Әрі екі ел арасында құжат мәселесімен сенделіп жүрген адам қарасы мол. Арғы беттегі ағайынның бұдан басқа да мәселесі баршылық. Сырттағы қандас пен атамекенге келсе де құжат мәселесімен сергелдеңге түскен ағайынның жағдайын Республикалық «Жебеу» бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекпен арадағы әңгімеде сөз еттік.

"Даниал Ахметов: «Мемсатуды өзгертуді ұсынамын»" - Аймақ басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстандағы, жалпы елдегі ауылдық округ әкімдіктері өткізетін мемлекеттік сатып алу үрдісін жеңілдетуді ұсынып отыр.

INFORMBURO.KZ. "Қазақстан Алаш зиялыларына ескерткіш орнатуы керек пе?" - Тәуелсіздіктің тұғырын қадап кеткен Алаш қайраткерлері алдында қазақ қарыздар. Бірақ қазір көбіне сіңірген еңбегі ауылынан аспағандардың аты көшеге беріледі.



4 қазан 2017, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.