Атырау, 29 наурыз 03:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

14 қазанда Қала күніне орай өткізілетін іс-шаралар

4 540 просмотра


Биыл Қала күні 14 қазанда атап өтіледі.

5 қазанда бірқатар шаралар жоспарланды:

- сағат 09.00-де «Сарайшық» коммуналдық базарында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі;

- сағат 11.00-де «Ренессанс» қонақ үйінде қала әкімінің кубок жүлдесі үшін шахматтан ашық турнир;

- сағат 14.00-де Қ.Смағұлов атындағы алаңда суретшілер симпозиумына қатысушылармен шеберлік сағаты шарасы;

- сағат 15.00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Біз бәрін жасай аламыз!» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы қалалық фестиваль;

- сағат 16.00-де «Атырау» спорт кешенінде қала әкімінің кубогына дзюдо турнирі;

- сағат 18.00-де Тұрғындар қалашығы саябағындағы амфитеатрда өтетін әуесқой жастар театрының «Ауылдағы Petro Party» атты мюзиклі;

6 қазанда мерекелік шаралар жалғасады. «Авангард-3» мөлтек ауданында («Технодом» сауда орталығының алды) сағат 09.00-де азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Сағат 17.00-де «Балықшы» ықшам ауданы, «Жастар» мәдениет сарайында заманауи көше билерінің ашық фестивалі басталады. Сағат 19.00-де облыстық тарихи-өлкетану музейінде, сондай-ақ, Ш.Сариев атындағы көркемсурет, қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Музей түні» көрмесі ашылады.

Сенбі, 7 қазан:

- сағат 9.00-де велошеру (драма театрынан бастап Махамбет, Азаттық, М. Әуезов, З.Ғұмаров, Қ.Сатпаев көшелері бойымен жаяу жүргіншілер көпіріне дейін);

- сағат 11.00-де облыстық әкімдік ғимаратының маңында байдарка мен каноэда есуден қалалық турнир;

- сағат 11.00-де «Арайлы Атырауым!» мерекелік бағдарламасы бойынша суретшілер, қолөнершілер көрмесі, «Туған жерге тағзым» қалалық ашық конкурс лауреаттарының концерті (Исатай-Махамбет алаңы);

- сағат 15.00-де Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан мен Ресей Федерациясы қоғамдық бірлестігінің «Дос жүрегін шекара бөле алмайды!» VI Халықаралық өнер фестивалі (дарама театр);

8 қазанда «Қалалық әкімдік пен Тұрғындар қалашығы шағынауданы» маршруты бойынша «Атырау кросс» жаппай жүгіру марафоны жоспарлаған.

14 қазанға сағат 11.00-де «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданында «Ретро» саябақтың және «Дос-Мұқасан» кіші архитектуралық нысанының ашылу салтанаты өтеді. Кешкісін сағат 19.00-де «Атырау – арман қала» халықаралық фестиваль лауреаттары мен отандық эстрада жұлдыздарының қатынасуымен мерекелік гала- концерт болады.

Қала күні сағат 21.30-де Атырау облыстық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда мерекелік отшашумен аяқталады.

4 қазан 2017, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.