Атырау, 20 сәуір 18:49
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Үйлерді тонап, автокөлік сатып алған

2 712 просмотра


Атырауда Нұрсая, Жұлдыз-1, Жұлдыз-2, Орбита, Көктем ықшамаудандарында ұрлыққа түскен жастардан құралған ұрылар тобы ұсталды. Олар наурыз бен маусым айларының аралығында жеке үйлер мен пәтерлерге 18 рет ұрлыққа түсті деп күдіктеліп отыр.     

Мәселен, олар вахталық әдіспен жұмыс жасайтын бір адамның үйінде жоқтығын пайдаланып, үйге арналған қабырға жиһазы (стенка), диван, тоңазытқыш, теледидарын түгелімен тиеп кеткен. Ал басқа бір жапа шегушіден емге деп жинап жүрген 1 млн 700 мың теңгесін үптеп кеткен.

- Күдіктілер ұрлықтан түскен ақшаға үш көлік сатып алған. Бүгінде сараптама тағайындалып, залал мөлшері анықталуда. Қазір олардың үстінен ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-тармағымен  қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде, - дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Пәтер тонаумен төрт адам айналысқан. Олардың біреуі  1997 жылы туылған, қамауға алынды. Қалғандары 2000, 2002, 2003 жылғылар. Олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Ұсталғандардың барлығы Атырауда тұрады.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 қазан 2017, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.