Атырау, 20 сәуір 00:02
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алматыдағы ұшақ апаты: Дәрігерлер бара жатқан жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды

2 448 просмотра


Санавиация ұшып бармақшы болған әйел жасанды тыныс алдыру аппаратымен жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкенттегі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цай хабарлады. 

Әйел босанған соң Түркістаннан Шымкент ауруханасына 2 қазанда түскен. Сәбиді 16 қыркүйекте босанған. Бірақ осы уақыт бойы түркістандық дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін әрекет етіп келген. Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цайдың айтуынша, әйел оларға өте ауыр жағдайда келіп түскен.  

"Республикалық деңгейдегі дәрігерлерді шақыру - тәжірибеде бар іс, мұндай жағдай науқас ауыр жағдайда жатқанда сала мамандарының кеңесі қажет болғанда жасалады. Мұндай жағдайларда уақыт факторы аса маңызды. Қазір біз республикалық санавиациямен келіссөздер жүргізіп жатырмыз және олар борт тағы да ұшып келе ме, ұшып келсе қайдан келетінін анықтап жатырмыз", - деді Вячеслав Цай. 

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған. 

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан.

Дереккөз: Tengrinews.kz


4 қазан 2017, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.