Атырау, 26 сәуір 02:19
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Анар Фазылжан: Латын әліпбиіне көшуде «бір әріп – бір дыбыс» принципі бұзылмауы керек", "Астананың «революциясы» немен аяқталады", "Құрбанәлінің адамдары ұлымды тартып алды...", "Ирак Күрдістанындағы референдум және Орталық Азиядағы күрдтер"

2 572 просмотра

BAQ.KZ. "Анар Фазылжан: Латын әліпбиіне көшуде «бір әріп – бір дыбыс» принципі бұзылмауы керек" - Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру идеясын Мемлекет басшысы сол тоқсаныншы жылдардың басында-ақ айтқан болатын. Бұл идея 20 жылдан астам уақытта әбден пісіп-жетілді. Содан да болар, сәуір айында Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялап, онда латынға көшуді бастауды Үкіметке тапсырды.

AZATTYQ.ORG. "Баланың ата-ананың келісімінсіз аккаунт ашқаны үшін айыппұл салуды ұсынады" - Әлеуметтік желілерде аккаунттарын әке-шешесінің келісімінсіз тіркегені үшін 16 жасқа толмаған баланың ата-анасына айыппұл салуды ұсынады. Мұндай бастама көтерген мәжіліс депутаты Азат Перуашев "Еуропа парламентінің әлдебір нормасына" сілтеме жасағанымен, оны нақты атай алмады.

"Ирак Күрдістанындағы референдум және Орталық Азиядағы күрдтер" - Сталиндік қуғын-сүргін кезінде Кавказдан Орталық Азияға депортацияланған күрд диаспорасы Ирактың Күрдістан автономиялы аймағында өткен тәуелсіздік туралы референдумды "ғасырлар бойғы күрд халқы арманының жүзеге асуы" деп бағалайды. Әлем елдерінің көбі референдум нәтижесін мойындамайды.

INFORM.KZ. "Астананың «революциясы» немен аяқталады" - Астана қаласының әкімдігі қоғамдық көлікпен жол жүру ақысын коммуналдық төлемдер санатына қосуды ұсынып отыр. Осы бастамаға сәйкес, бір үйдің адамдары айына төрт мың теңгені төлейді де, автобуспен ешбір ақысыз қатынай алады. «Астана LRT» компаниясы төрағасының міндетін атқарушы Жанна Ақжанованың сөзімен айтсақ, «бұл - қоғамдық көлік саласындағы қаржының ашықтығын қамтамасыз ететін революциялық жол». Алайда автобуспен жүретін қара халық революциялық жолды қолдаса, автобусқа өмірі мінбейтін, жеке көлігімен ғана қатынайтын ауқаттылардың бәрі бірдей оған келіспейтін тәрізді. ҚазАқпарат тілшісі аталған тың бастаманың себептерін зерделеп көрді.

ABAI.KZ. "Құрбанәлінің адамдары ұлымды тартып алып өзбек жасап жіберді" - Құлсары қаласындағы М.Сатыбалдиев атындағы №18-ші жалпы орта білім беретін мектепте оқыды (дәлел ретінде мектеп басшысы берген анықтама қолымда). Ендігі ұзын сөздің қысқасы былай болып тұр. Құлсарыға 1990-91-ші жылдан бері Өзбек елінің азаматы, руы Қожа, Ахметов Құрбанәлі деген сопы, дін уағыздаушы келе бастады. Өңірге әбден үйреніп, халықтың әдет-ғұрып, салт-сана, әлсіз тұстарын түбегейлі зерттеген соң ол кісі Құлсарыға сопылықтың туын тікті.

TURKYSTAN.KZ. "Ауылдың ажары қашқанда…" - Бала кезімізде Алматыны көру арман болатын. Біреудің қалаға барып-келгенін естісек, «Пәленше Алматыны көріп келіпті» деп қызығатын едік. Сол Алматы шынында да, бауырына басқан адамды жібермейді екен. Белгілі ақын Қасым Аманжоловтың «Берсең бер, бермесең қой баспанаңды, сонда да тастамаспын астанамды…» деп келетін өлең жолдарындағыдай, Алматыға табаны тиген адамның қайта шегініп жатқан жері жоқ. Не де болса, нәпақасын осы қаладан тауып, күнін көріп жүр.

QAZAQTIMES.COM. "Қырғыз билігі президент сайлауы қарсаңында Бабановқа қысым жасауда" - Қырғызстанда президент сайлауы қарсаңында ел билігі қарсыластарына қарсы күш қолдана бастады. Ресми Бішкек сайлаудағы басты қарсыласы Өмірбек Бабановтың маңайындағы саяси үзеңгілестерін түрлі себептермен темір тордың ар жағына тоғытуда. Бұның соңы неге алып келуі мүмкін? Президент сайлауы қарсаңында Қырғызстандағы саяси ахуал қандай?

QAMSHY.KZ. "Ең жек көретін сұрағым: «Тағдырға сенесіз бе?»" - «Құдай адамның тағдырын жазып қояды» дейді. «Тағдырың осындай» дейміз. «Тағдыр – адамның ғұмыры» деп те жатамыз. Бірақ дөп басып «Тағдыр» деген сөзге жауап беретін кім бар?

QAZAQUNI.KZ. "Ғалым Жайлыбай: Біз бір әліппені ғана қалдыруымыз керек" - Бүгінде латын әліпбиіне өту республика бойынша қызу талқыланып жатқаны белгілі. Жуырда Алматы қаласындағы Жазушылар одағы басқармасында да зиялы қауым өкілдері бас қосып, латын әліпбиіне өту мәселесін ортаға салды. Осы орайда ақын-жазушылардың бұл реформаға қатысты пікірін білу мақсатында sn.kz порталының тілшісі Одақ төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбайдан сұхбат алған екен. Аталмыш сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

DALANEWS.KZ. "Оқушы қалай тамақтануы тиіс?" - Елімізде алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен дұрыс әрі тиімді тамақтанудың маңыздылығын оқушыларға түсіндіру мақсатында мектептерде денсаулық бұрыштарын жасау қолға алынды. Аталған шараның алғашқы үлгісі Шымкент қаласындағы №45 мектеп-гимназиясында өткен баспасөз көнференциясында таныстырылды.



2 қазан 2017, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.