Атырау, 28 наурыз 17:55
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Лас-Вегастағы шабуыл құрбандары 20 адамға жетті

1 451 просмотра


АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қонақүй маңында болған атыстан қаза тапқандар саны 20 адамға жетіп, жараланғандар саны 100-ден асып кетті деп хабарлады жергілікті полиция. 2 қазанда өткен баспасөз мәслихатында Лас-Вегас полициясының ресми өкілі Джо Ломбардоның айтуынша, шабуылға негізгі күдікті Mandalay Bay қонақүйінің 32-қабатынан музыка фестиваліне қатысушыларға автоматтан оқ жаудырған. Күдіктіні көз ұзамай полиция атып тастаған. Ломбардоның сөзінше, күдікті жергілікті тұрғын саналады.

Лас-Вегас полициясы құрбандар арасында музыка фестиваліне қызметінен тыс уақытында қатысып жатқан бірнеше полиция қызметкері де барын айтады.

АҚШ билігі қылмыскер жалғыз өзі әрекет жасады деп сеніп отырғанымен, Ломбардо полиция шабуыл кезінде басты қылмысқа басты күдіктінің қасында болды деген күдікпен Мари Лу Данли есімді азиялық әйелді іздестіріп жатқанын айтты.

Полиция қонақүй орналасқан ауданның бір бөлігін жапты.

Халықаралық Маккарран әуежайына ұшып келетін кейбір рейстер басқа жаққа бағытталған.

Дереккөз: Азаттық

2 қазан 2017, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.