Атырау, 20 сәуір 07:07
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Сарқынды сулардан иіс пайда болады"

3 349 просмотра
Қадыржан АРЫСТАН

29 қыркүйекте Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан АРЫСТАННЫҢ қатысуымен брифинг өтті. Көптеген мәселелер бойынша біздің оқырмандарымыз үшін ең қызықты жерлерін ұсынып отырмыз.

Жалпы Арыстан мырза Атыраудың ауасын оны қоршаған өнеркәсіптік кәсіпорындар бүлдіріп отыр деген пікірмен келіседі. Ол тамыз-қыркүйек айларында күрделі жөндеу кезінде АМӨЗ-дің заң бұзушылықтарға жол бергені туралы еске салды. Бірақ, көбінесе иістің пайда болуы, оның айтуынша, кәріздік сарқынды сулардың булану алаңына алдын ала тазартылмаған күйде төгілуіне байланысты болып отыр.

- Сол жақ жағалауда АМӨЗ биологиялық тазартудан кейін сарқынды суларды Сасықсайға төгеді. «Атырау су арнасы» да лас суларды сонда төгеді, бірақ тазартпайды. Оң жақ жағалаудағы булану алаңына төгер кезде де лас сулар тазартылмайды. Осы себепті солтүстіктен және оңтүстіктен жел соққан кезде  қалада тыныс алу мүмкін болмай қалады, - деді Қ.Арыстан.

Қала көшелерінде әлсін әлі күкіртсутек анықталады. Ауа сапасына мониторинг жасау станциялары НКОК-та – 20, АМӨЗ-де – 4, Қазгидрометте – 5 нысан бар. НКОК-тың тоғыз станциясы қалада орналасқан, олар ауада күкіртсутектің бар екенін көрсетеді, бірақ қай кәсіпорынның «сасық жұмыртқаның» иісін шығарып отырғаны белгісіз.

- Қоқыс полигонына қатысты не болады?

- Қазір Атырауда қоқыс полигоны жоқ, қоқыс орны бар. Бұл жерде екі миллион тоннадан астам қалдықтар жинақталған. 2015 жылы қоқыс орнында 31 өрт оқиғасы болған, өткен жылы - 8, осы жылы - 3 өрт оқиғасы болды. Махамбет ауданынан жаңа қоқыс полигонын салуға 50 гектар жер бөлінгені белгілі. Қазіргі қоқыс орны қалпына келтірілетін болады.

Қоқыс өңдейтін зауыт керек. Әзірге осы бизнесті қолға алғысы келетін кәсіпкерлер жоқ болып отыр. Өйткені Атырауда қоқыс аз. «Арнаулы автобаза» ЖШС қоқыс орнына жылына 90 мың тонна қоқыс шығарады. Бірақ өз шығынын өтеу үшін қоқыс шығару тарифін (қазір 1 адам басына айына 120 теңгеден) 10 есеге көтеру керек шығар. Әйтпесе, бізге инвесторлар келмейді.

- Атырауда қоқысты бөлек жинау жүйесі қашан іске қосылады?

- Ол үшін үйде 4 қоқыс шелегі және сыртта да сонша алуан түсті контейнерлер болу керек. Астанада осы жүйені енгізу жұмыстары басталды. Бірақ процесс әзірге жүрген жоқ. Өйткені адамдардың әл-ауқаты әртүрлі ғой. Тек пакеттің өзін көптеп сатып алуға тура келеді...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

30 қыркүйек 2017, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.