Атырау, 29 наурыз 12:04
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Кабельді қолды қылған

2 210 просмотра

Атырауда «Синопек Инжиниринг Групп» қызметкерлері жұмыс берушілерінен 56,7 млн теңгелік мыс сымды ұрлады. Жігіттер түсті металды әкету сызбасын мұқият ойластырған.

Бұған компанияның төрт қызметкері қатысқан: қойма меңгерушісі, күзетшілер және тағы екі адам. Олар тапа тал түсте электр кабелін әкету операциясын жүзеге асырған. Түскі үзіліс кезінде бейнекамераны ажыратып тастап, жүк көлігін кәсіпорын базасының аумағына кіргізген. Жүк контейнерін ашып, ішіндегі кабельді шығарып тиеп жіберген.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша кінәлі деп танылып, ортақ іске қосқан үлестеріне байланысты 4-тен 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

30 қыркүйек 2017, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.