Атырау, 19 наурыз 13:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Қала күні қайда болады?

3 567 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

29 қыркүйекте Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс 15-ші сессиясы өтті. Қалалық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана ДОСҚАЛИЕВА бюджеттегі өзгерістер туралы баяндама жасады.

Білім беру саласына қосымша 257 млн теңге сомасында қаржы бөлу жоспарланған. Соның ішінде, биыл салынған үш мектепті ұстау шығындары, жетім балалар үшін қамқоршыларына ай сайынғы төлемдер және т.б. бар.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 6 млрд 334 млн теңге, коммуналдық саланы дамытуға 1 млрд 41 млн теңге бөлінді.

Депутаттар бюджеттегі басқа өзгерістерді де мақұлдады.

Атырау әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ Қала күні 14 қазанда Исатай мен Махамбет атындағы орталық алаңда емес, облыстық әкімдік ғимараты алдындағы Бейбарыс алаңында өтетінін хабарлады. Бұдан басқа, ол қалалық әкімдіктің енді асфальттау жоспарланған бүкіл көшелерді емес, тек жұмыстар орындалған көшелерді ғана жариялайтынын хабарлады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қыркүйек 2017, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.