Атырау, 25 сәуір 03:04
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сот ақтап шықты

4 096 просмотра

Облыстық прокуратура «қылмыс құрамы жоқ болғандықтан» деген анықтамамен Жылыой аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бағытқали ЖАРЫЛҒАПОВҚА қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Естеріңізге салсақ, Жарылғаповты 17 маусымда Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстаған болатын. Тергеу барысында оған кейінірек «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» (364-бап) бабына өзгертілген «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (361-бап) және «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» (362-бап) деген айыптар тағылған болатын. Тергеу жорамалы бойынша, ұсталушы лауазымды тұлға бола отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан және ТШО-ның мердігер компанияларына тасымалдау қызметін көрсетумен айналысатын ЖК ресімделген өзінің жақын туыстарының коммерциялық мүдделеріне қолдау көрсеткен.

Қылмыстық іс материалдарында осы ЖК атынан бүкіл келіссөздерді Жарылғаповтың өзінің жүргізгені, ал қызметті төлеуге қатысты кідірістер орын алған жағдайда бережақтарды өзінің лауазымдық ресурсын қолдана отырып, алып отырғаны айтылған. Сот осы негіз жеткілікті деп санап, кепілдік салу мүмкіндігімен 2 айға қамауға алуға санкция берді. Тергеу абақтысында отырған екі аптадан кейін күдіктінің туыстары пәтер түрінде кепілзат салған соң, ол үшін бұлтартпау шарасы өзгертілді.

- Тергеу ісінің аяқталуына қатысты қылмыстық іс материалдары облыстық прокуратураға түсті. Іс материалдарымен танысып шыққан прокурорлар тергеу органы Жарылғаповтың әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық құрамын қарастыратын жеткілікті дәлелдер жинамады деген тұжырымға келді, - дейді «Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА. – Менің қорғалушыма қатысты аталмыш компаниялардың бірде біреуінен қылмыстық қудалау органдарына арыздар түскен жоқ, яғни, оларға материалдық зиян тигізілмеген. Сонымен қатар, оның іс-әрекетінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу белгілері жоқ. Осының негізінде 14 қыркүйекте прокуратура қылмыстық істі тоқтатты.

28 қыркүйектен бастап Жарылғапов лауазымына қайта келді, оған жұмыстан мәжбүрлі түрде болмаған уақыты ішінде жоғалған еңбекақысы өтелді. Ол өкілетті органдардан моралдық зиян мен қылмыстық қудалау негізінде тигізілген материалдық шығындарды өтеуді талап етекші.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

29 қыркүйек 2017, 21:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.