Атырау, 19 сәуір 05:52
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«100 жаңа есiм» үмiткерлерi жайлы деректi фильмдер түсiрiлiп жатыр – Дәурен Абаев

1 279 просмотра


Бүгiн Қазмедиа орталығында Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбайдың қатысуымен «Қазақстанның 100 жаңа есiмi» жобасы бойынша жұмыс және сарапшылық топтың кезектi отырысы өттi. Отырыста жоба үмiткерлерi жайлы «Астана» телеарнасы түсiрген фильмнiң үзiндiсi көрсетiлдi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бүгiнгi таңда »100 жаңа есiм» жобасына қатысушыларды iрiктеу жұмыстары жүрiп жатыр. Қазан айында басталатын жалпыхалықтық онлайн дауыс беру жүйесiне 300 қатысушы iрiктелiп алынады. Дауыс беру аяқталысымен 100 жаңа есiм таңдалады. Қатысушыларды iрiктеуден бөлек, олардың жетiстiктерiнiң тарихын ақпарат құралдарында жан-жақты көрсете бiлу аса маңызды. Сонда ғана бұл шара тәрбиелiк әрi идеологиялық тұрғыдан жемiсiн бермек», - дедi Дәурен Абаев.

Ведомство басшысының айтуынша, министрлiк бұл бағытты iске асыру бойынша жүйелi шараларды қолға алған. Атап айтқанда, «100 жаңа есiм» атануға үмiткер азаматтар туралы деректi фильмдер циклi түсiрiлiп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейiн Дәурен Абаев жаңа есiмдердi анықтауда жұртшылық жоғары белсендiлiк танытқанын атап өткен болатын.

Дереккөз: Baq.kz 

29 қыркүйек 2017, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.