Атырау, 20 сәуір 18:24
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бюджет қайта бөлінді

Сурет
4 220 просмотра


28 қыркүйекте Атырау облысы мәслихатының 7-ші кезекті сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар НҰРАЛИЕВ бюджеттің 3,5 млрд теңгеге асыра орындалғаны туралы хабарлады. Бұдан басқа, облыс әкімінің 1,1 млрд теңге сомада пайдаланылмаған резерві қалған және тағы 1,7 млрд теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген.

Осы ақшаларды қайта бөлу қажет болды.

- 2017 жылы облыста 1065 орындық 6 балабақша салынып, балалар үйінің  тәрбиеленушілеріне 25 пәтер берілді. Махамбет ауданының Алмалы және Талдыкөл ауылдарынан мектепке дейінгі мекемелер салуға, Индербор поселкесіндегі аграрлық колледждің жатақханасын салуға жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеуге қаржы бөлінеді.

Баяндамашы, сондай-ақ, Исатай ауданының Зинеден ауылынан демалыс лагері мен Аққыстау ауылынан өнер мектебін салу үшін жобалау құжаттары әзірленетінін хабарлады.


Атырау қаласынан кардиоорталық ғимаратын қайта жарақтауға және онкодиспансер салу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаржылар бөлінді. Нұсая ықшамауданындағы №19 үйдің цокольді қабатында «жедел жәрдем» қосалқы станциясы, Доссор мен Аққыстау поселкелерінде кәріздік-тазарту құрылғысы салынады.

Сонымен қатар, Аққыстауға теміржол арқылы өткел салу үшін, Қызылқоға ауданының Қарабау, Тасшағыл, Қаракөл ауылдарының кірме жолдары мен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу үшін және Мұқыр мен Сағыз ауылдарындағы жолдарды қайта жарақтауға ЖСҚ әзірлеу үшін қаржылар бөлінеді. Доссордағы айналма жол бөлігі туралы да ұмыт қалмады, техникалық-экономикалық негіздемеге ақша бөлінді.

Бұдан бөлек Нұралиев былай деп атап өтті:

- Баспана құрылысына 895 млн теңге бөлінеді. 2016 жылы барлық меншік түріндегі құрылыс салушылар 558 мың шаршы метр баспананы пайдалануға берді, ал 2017 жылы 550 мың шаршы метр тапсырылатын болады. Биыл облыстағы 20 елді мекенде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бағдарламасы аяқталады. Бұл жаңа құрылыс тұрғындарына су құбыры, газ, электр жүйелері және тіпті, көше жарығы да қоса жүргізіліп берілді деген сөз. Махамбет ауылында көпқабатты 60 пәтерлік үй салынатын болады.

Облыс тұрғындары бүгінде 77,4% құбыр суымен қамтылған, жыл аяғына дейін бұл статистика 79,8%-ға дейін жақсарады. Су құбырының ЖСҚ-на 1,5 млн теңге бөлінді.

Облыс бюджетіндегі өзгерістер жобасы мақұлданғаннан кейін депутаттар білім беру саласының ардагері Зайыр ХИДУЛЛИНДІ Атырау облысының Құрмет грамотасымен марапаттауға дауыс берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

28 қыркүйек 2017, 23:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.