Атырау, 28 наурыз 23:58
 ашықВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Сәби үшін 25 жыл жаза берді

Сурет Бейнежазба
4 310 просмотра


28 қыркүйекте Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 8 жасар Айгерімді зорлап, өлтірді деп айыпталған Бесікті ауылының 28 жастағы тұрғыны Арман РСАЛИЕВҚА қатысты үкім жарияланды Кеше қала маңында 8 жасар қыз бала жоғалып кетті»).

Процесс баспасөз үшін жабық режимде өтті. Журналистерді тек үкім жарияланатын кезде ғана шақырды.

Сот Рсалиевті көрінеу кішкентай сәбиді зорлап, ауырлататын мән-жағдайда кісі өлтіру қылмысын жасауда кінәлі деп таныды. Үкім бойынша оған ең жоғарғы қауіпсіздіктегі (қатаң режимдегі) колониясында 25 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Жалпы мерзімнің алғашқы 3 жылында ол толықтай қауіпсіздіктегі (оқшаулау) колониясында жазасын өтеуі тиіс. Сонымен қатар, сотталушы өмір бойына кәмелетке толмағандарға және қаруға қатысты жұмыстарды орындау құқығынан айырылды. Бұдан басқа, өлтірілген қыздың анасына 5 млн теңге моралдық зиян төлеуге міндетті.

Судья Тыныштық НҰРЫМОВА мектеп жанындағы лагерден тәрбиешілердің қызды ата-анасына хабарламастан өзін жіберіп қойғандығы туралы жеке қаулыны оқыды. Нәтижесінде ол мас көршісіне кездесіп қалып, ол сәбиді алдап өзен жағасына алып келіп, зорлап, суға батырып жіберді. Сотталушының үкімге қатысты 15 күн ішінде шағымдануға құқығы бар.



Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

28 қыркүйек 2017, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.