Атырау, 20 сәуір 11:52
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Инвесторлар Қазақстанға келуден неге қорқады?", "«ТҮРІК ЛИЦЕЙЛЕРІН» Гүлен түртті ме, түлен түртті ме?", "Нұрболат МАСАНОВ: «Бiздiң тарих — бұл мүлдем өзгеше тарих»", "Мәселе - Божкода емес, телеарнада..."

2 214 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Араб тілінде діни әндер «жариялаған» Кибировтің соты басталды" - Алматыда араб тіліндегі діни әндер тыңдап, оларды әлеуметтік желіде «қайта жариялаған», «діни араздық қоздырды», «терроризмді насихаттады» деп айыпталған Шухрат Кибировке қатысты сот процесі басталды. Адвокат оның сотқа дейінгі тергеуінен соң 20 күн бойы санкциясыз абақтыда отырғанын айтады.

"«Әуезов құпияларына бойлау арқылы өзімізді, ұлтымызды түсінеміз»" - Жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толды. Азаттық тілшісі жазушының шығармашылығы мен өмірін зерттеуші ғалым Тұрсын Жұртбаймен сұхбаттасқан еді.

ZHASALASH.KZ. "«ТҮРІК ЛИЦЕЙЛЕРІН» Гүлен түртті ме, түлен түртті ме?" - Қазіргі Түркияда аса ықпалды екі тұлға бар: Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған және АҚШ-та қашқында жүрген түрік жазушысы, ислам әлемінің беделді тұлғасы Фетуллех Гүлен. Ердоған президенттік сайлауда жеңіске жетіп, билік басына келісімен Гүленмен айқаса бастады. 

"Мәселе - Божкода емес, телеарнада..." - Қош, депутат Владимир Божконың айтуынша, ауыл жастарының қалаға ағылуына шектеу қою керек екен. Өйткені ауыл жастары қалаға келген соң әртүрлі жат ағымдағы діни топтардың жетегінде кетеді, онымен қоймай, жұмыс таппай сенделіп, қаладағы әлеуметтік жағдайы жақсы топтарға қызғаныштан өздері барып ұрынып, қала өмірінің тыныштығын кетіреді екен-мыс. Ол «Әбу-Даби Плаза» құрылыс кешеніндегі төбелеске тікелей кінәлі ауыл жастары деді. Бір сөзін айтып, екіншісін айтпай қараулық жасамайын, «ол үшін ауыл өмірінің әлеуетін жақсарту керек» деп аяқтады сөзін вице-спикер.

INFORMBURO.KZ. "Инвесторлар Қазақстанға келуден неге қорқады?" - Қазақстанға келетін инвестиция көлемі жылдан-жылға азайып барады. Отандық компаниялардың инвесторларды қызықтыра алмауын экономистер жүйенің қателігінен көреді.

ABAI.KZ. "Елімізде саяси тұтқындаулар басталып, біраз «акулалар» торға түседі" - Билік ауысады-мыс. Қазір белгілері байқалуда. Таяуда, саяси тұтқындаулар басталып, біраз «акулалар» торға түседі-міс. «Үлкен кісінің» қасында жүрген олигархтардың біразы «құрбан» болуы мүмкін. Осындай әдүң-гүдің әңгімелер «асханада» емес, бас қалада жиі айтылатын болып жүр.

"Нұрболат МАСАНОВ: «Бiздiң тарих — бұл мүлдем өзгеше тарих»" - Біз бүгін Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандарының назарына тарихшы (марқұм) Нұрболат МАСАНОВ пен белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіттің сұхбатын ұсынбақпыз. Осыдан 12 жыл бұрын айтылған жайлар әлі де өзектілігін жоя қойған жоқ.

QAMSHY.KZ. "Лукашев Всеволод: Латын әліпбиіне көшуде ұлтқа бөлінуге болмайды" - Алматы қаласындағы Достық үйінде Мемлекеттік тілдің латын графикасында әліпбиінің Бірыңғай стандартын енгізу бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірыңғай республикалық күні аясында ҚХА Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

TURKYSTAN.KZ. "Қазақ қайтіп көбеймек?" - Қазақ ертеден «бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» дегенді санасына сіңірген. Тіпті, алтын құрсақты аналардың аузынан «әр баланың өз несібесі бар» дегенді көп естиміз. Әрине, «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, Алланың берер ырыздығынан үмітті үзуге болмайды. Десек те, бүгінде бала тууға қабілетті қыз-келіншектерді бұған сендіре аласыз ба?


28 қыркүйек 2017, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.