Атырау, 19 сәуір 16:49
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жазалаушы айыпұл

2 870 просмотра

Көктемде бізге «ҚазГазАймақ» бақылаушылары келіп, газ үшін төлем талап ете бастады. Сол кезде бізде 2 500 теңгедей жиналып қалған еді. Мен үйде бір өзім баламен отырған едім, қолма-қол ақшам болмады, бақылаушылар құбырды қағазбен орап: «Қалай төлейсіз, солай пломбасын ала аласыз» деп, пломбалап тастады. Мен екі рет сұрадым, олар жауаптарын қайталады. Бұл жұма күні болатын, ал дүйсенюі күні таңертең қарызымды төледім. Содан кейін маған пломба үшін 7 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеу керектігімді айтты. Маған бұл пломбаны орнатқан кезде төлегеннен кейін оны өзім алып тастауыма болатынын айтқан еді. Ешқандай айыппұл туралы тіс жарған жоқ. Айналғанда бірнеше айдан бері газсыз отырмыз. Айыппұлды төлемей отырмын, өйткені ажыратқан кезде дұрыс хабардар етктен жоқ. Айыппұл сомасы қарыз сомасынан үш есе көп болатыны туралы хабардар етпеген бақылаушылардың әрекеттері заңды ма?

Анель Умаева

Сұраққа «КҚЕО-Атырау» директоры Асхат ЖУЛАТОВ комментарий берді:

– Газ беруді тоқтату жеткізуші тұтынушыға жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап үш күннен кейін жүзеге асырылады. Абонентті газбен қамту қызметінен айыру және қосу «ҚазТрансГазАймақ» АҚ белгілеген тариф бойынша жүргізіледі және айыппұл төлемдері болмайды. Айыппұл төлемдері өздігімен газбен жабдықтаған кезде, есептеу механизмінің жұмысына араласқанда, келте құбырлар арасындағы пломбаларды жұлып алған кезде және қарыз үшін салынған пломбаны жұлып тастаған кезде салынады.

Тағы бір өте маңызды талап: абонентті  ажырату-қосуды тек білікті қызметкерлер жүргізеді, бақылаушының сізге мұндай келісім беруі мүмкін емес. Бақылаушылардың қызметіне қатысты шағымдар болған жағдайда абоненттік қызмет бастығының атына арызбен шығыңыз. Толық ақпарат алу үшін абоненттен абоненттік учаскелердің біріне хабарласып, қосу сомасы қандай негізде есептеліп отырғанын нақтылауды сұраймыз.


28 қыркүйек 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.