Атырау, 20 сәуір 20:00
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Орталық алаңда сауда қызып тұр

Сурет
3 641 просмотра

Исатай және Махамбет атындағы орталық алаңның жағдайы туралы мақаламыз жарық көргеннен кейін «АЖ» редакциясына қала тұрғындары хабарласып, желдей жүйткіген гироскутерлер мен қайнаған базарға шағымданды.

- Кешке демалу үшін алаңға барсақ, демалу мүмкін емес. Гироскутерлерге мінген жастар қағып кетеді ме деп қорқамыз.. Отырып дем алайын десең, гүрілдеген моторлардың дауысы оған мүмкіншілік бермейді. Одан қалды ойыншықтарды көрген балаларымыз «алып бер» деп жылайды. Түрлі тәттілер сатылып жатқанымен, сапасын тексеріп отырған ешкім жоқ, - дейді қала тұрғындары.

Анықтағанымыздай, Атырауда Смағұлов бульвары, С. Мұқашев алаңы, «Жеңіс» саябағы мен «Мұнайшы» стадионының алдында сауда жасауға және ойын аппараттарын қоюға рұқсат берілген.

Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА:

- Алдымен оларға кәсіпкерлік бөлімі ескерту береді. Ескертуге құлақ аспаған жағдайда учаскелік инспекторлар хаттама толтырып, айыппұл салады. Махамбет-Исатай алаңында жүргізілген рейдтер кезінде 9 тұлға жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 11 345 теңгеден айыппұл салынды.

Кешкі уақытта алаңға барғанымызда жас жігіттердің  гироскутерлерді қаздай тізіп, кешкі жалға беруге дайындап жатқанына куә болдық. Бір сағаттан соң олардың қарасы көбейіп, кенеттен мотор даусы қосылды. «Бұл заңды ма» деген сұраққа, жауап қатпай, үнсіз кетті.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

28 қыркүйек 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.