Атырау, 28 наурыз 17:44
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 938 просмотра

ВОЛЕЙБОЛ


Орал қаласында Қала күнін тойлау аясында 2004-05 жылғы жасөспірімдер арасында волейболдан «Достық» деп аталатын 9-шы халықаралық турнир өтті.

«Атырау» волейбол академиясының командасы Нижневартовск, Новокуйбышевск, Орал, Ақтөбе қалаларындағы бәсекелестерінен үстем түсіп, бірінші орын алды. «Атырау» командасының капитаны Айбек МАРАТОВ турнирдің үздік ойыншысы атанды.

***

ХОККЕЙ

Хоккейден ел чемпионатының 4-турында «Бейбарыс» екі мәрте

«Астананы» жеңіп шықты. Бірінші матчта команда астаналықтарды 0:10 есебімен ойсырата жеңген еді.

Атырау командасының құрамында Максим Шарифьянов, Болат Хамматов және Евгений Чемерилов екі-екіден, Михаил Рыбалко, Максим Худяков, Илья Малюшкин пен Иван Степаненко бір бір шайбадан соқты.

Екінші ойында да «Бейбарыс» сенімді түрде ойнап, 1:3 есебімен жеңді.  Бұл турнирде «Астана» бүкіл қақпашыларды ойын кезінде сынақтан өткізді. 17 жастағы астаналық қақпашы Сәлім Базарбеков өміріндегі алғашқы ресми матчында жақсы ойын көрсете алды. 

***

КИКБОКС

Анапада Дүниежүзілік WAKO кикбоксинг қауымдастығының қолдауымен халықаралық World Cup Diamond турнирі өтті.

Облыс құрамасының жекпе-жек қорытындысы бойынша, алтын алқа – Жандос Назарбеков пен Сәлімжан Сәлімгереевтің, күміс алқа Сержан Құсайыновтың, қола алқа Жанәлі Сәлімгерейдің еншісінде. Спортшыларды дайындаған - облыстың аға бапкері Данияр Юсупов.

***

КӨПСАЙЫС

«Ривьера» стадионында дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен президенттік көпсайыс бойынша облыс біріншілігі өтті.

Біріншілікке 56 мектептің командасы қатысты. Бағдарламада: жүгіру, доп, граната лақтыру, пневматикадан ату сайыстары болды.

Жеке есеп бойынша: Ақжәми Қайыржан, Әлішер Түрекенов, Қасымхан Жұбан (барлығы Индер ауданынан) және Лиана Кудряшова (Махамбет ауданы) жеңімпаздар атанды. Командалық есеп бойынша: 1-орынды – Индер ауданы, 2-орынды – Исатай ауданы, 3-орынды – Махамбет ауданы алды.

***

БОКС

Челябинскде әйелдер, юниорлар мен қыздар арасында бокстан ашық облыстық турнир өтті. Сайыстың күміс алқаларын Динара Зинуллина (52 кг дейін), Зарина Халилулла (64 кг дейін) және Нұрсәуле Елтай (69 кг дейін) жеңіп алды. Қыздарды бапкерлер А. Көшенов пен А. Юн дайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қыркүйек 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.