Атырау, 29 наурыз 06:08
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ағылшын тілді медбике

4 982 просмотра


Атырау медицина колледжінде үштілдік білім беру тәжірибесі пайда болады. «Жалпы тәжірибедегі медбике» мамандығы бойынша оқитын 25 студент үшін қосымша факультативтік сабақтар енгізілді. Онда олар медициналық терминдерді ағылшын және қазақ тілдерінде оқиды.

Грант бойынша оқуға түскен студенттер арасында іріктеу жүргізіліп, тілді жақсы білетін қыздарға артықшылықтар берілді.

Біздің өңірімізде  шетелдік компаниялар көп, сондықтан ағылшын тілін білу қажет. Біз қатарынан үш тілді білуді қолдаймыз, - деп әңгімеледі колледж директорының орынбасары Талғат АЙДЫНҒАЛИЕВ.

Қосымша сабақтарға қарамастан, оқу мерзімі өзгермейді. Егер бірінші тәжірибе сәтті өтсе, онда келесі жылы бір емес, осындай бірнеше топтар жиналуы мүмкін. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

27 қыркүйек 2017, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.